Полиция қызметкері көшеде маскасыз жүрген қызды тұншықтырған

Опубликовано:

Полицей
Көрнекі фото: pixabay.com

Австралияның Мельбурн қаласында полиция қызметкері маска тақпаған қызды тұншықтырып, жерге лақтырып жіберген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Lenta.ru-ға сілтеме жасап.

Daily Mail басылымында пайда болған видео кадрларынан форма киген екі полицейдің бойжеткенді құрықтауға тырысқанын көруге болады.

Полиция әуелде оны тоқтатып, қабырғаға тақаған. Ару өз кезегінде: "Мені жайыма қалдырыңдар! Ол мені тұншықтырып жатыр", - деп айқайлады. Осыған қарамастан полицейдің әріптесі араша болмаған.

Содан кейін ер адам қызды жерге жығып, тұншықтыруын жалғастырыпты.

Daily Mail-дің мәліметінше, бойжеткенге полиция қызметкеріне қарсылық танытып, күш қолданды деген айып тағылды.

Сонымен қатар, оған маска тақпағаны үшін айыппұл салынбады, өйткені қыз медициналық себептермен оны кимеген.

Басылым күдіктінің шынымен құқықбұзушылық жасағанын айтады. Шілде айының соңында қала билігі коронавирустың таралу қаупіне байланысты міндетті маска режимін енгізді. Егер адам маскасыз ұсталса, ол 200 доллар айыппұл төлеуге мәжбүр болады.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін әділет министрі Марат Бекетаев көшеде маскасыз жүргендерге айыппұл салудың заңдылығы туралы айтқан еді.

Сонымен қатар Алматының бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин медициналық бетперде тақпаған азаматтарға қанша айыппұл салынатынын мәлім еткен болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1869166-policia-kyzmetkeri-ksede-maskasyz-zrgen-kyzdy-tnsyktyrgan/