Әлемдегі ең сымбатты миллиардер азаматтардың жеке өмірі жайлы не білеміз
Опубликовано:

Әлемге әйгілі компаниялардың негізін қалаған, жас та болса көп белесті бағындыра алған табысты жігіттердің жеке өмірі үнемі әлем назарында. Осы орайда KAZ.NUR.KZ bigpicture.ru сайтына сілтеме жасап, танымал жас миллиардерлердің жеке өмірі жайлы деректерді назарыңызға ұсынады.
Павел Дуров
Ресейлік Форбстің жұлдызы Павел Дуров өзінің жеке өмірін барынша құпия ұстайды. Кәсіпкерді топ-модельдермен бірге әлемге әйгілі басылымдардың бетінен көруге болады.
БАҚ өкілдері миллиардерді ресейлік танымал жұлдыздармен бірнеше рет қосқанымен, Павелдің өзі ол ақпараттарды растамады.
"Мен үйленген емеспін, отбасы құратын ойым да жоқ. Себебі меніңше, неке - адамды белгілі бір жүйемен өмір сүруге итермелейтін, тұлғалық қабілетті басып тастайтын құрал", - дейді ол өз сөзінде.
Брайан Чески
Брайан Чески баспананы қысқа мерзімге жалға беру қызметі Airbnb-дің негізін қалаған. Осыдан он жыл бұрын қаражат тапшылығына байланысты ол саяхатшыларға әуе матрацын жалға беру туралы шешім қабылдайды. Осыдан кейін өз кәсібін бастау идеясы туындаған.
Қазір Брайан көп жұмыс істейді, десе де жас миллиардер өзіне күтім жасауды ұмытпайды. Брайан Instagram парақшасында үнемі жаттығу залында түскен суреттерімен бөлісіп тұрады.
Жеке өміріне келсек, Брайан суретші Элисса Пателмен көптен бері бірге. Алайда олар әзірге үйленуге асықпайтын көрінеді.
Эван Шпигель
30 жастағы Эван Шпигель әйгілі Snapchat қосымшасының негізін қалаушылардың бірі. Стэнфорд университетінің ауқатты әрі табысты түлегі әрдайым нәзік жандылардың арасында кең танымалдыққа ие болған.
Ол әнші Тейлор Свифт, Victoria Secrets компаниясының моделі Кейт Аптонмен кездескен.
Эванның қазіргі сүйіктісі әрі заңды некедегі жары - модель әрі актриса Миранда Керр.
Кәсіпкер Мирандамен неке шартын жасасқан. Оған сай, ерлі-зайыптылар ажырасқан сәтте модель оның мүлкін талап ете алмайды.
Айта кету кереу, бүгінде Эван Шпигель төрт ұл тәрбиелеп отыр.
Антуан Арнаул
43 жастағы Антуан Арнаул Berluti компаниясының бас директоры және Loro Piana директорлар кеңесінің төрағасы. 2011 жылдан бастап ол ресейлік супермодель Наталья Водяновамен кездесіп жүрген, ал 2020 жылы оған үйленуге ұсыныс жасады.
Хасан Джамиль
Хасан Джамиль - Toyota компаниясының мұрагері, бүкіл Сауд футбол лигасының, 1,5 миллиард доллар байлықтың иесі, сонымен қатар Наоми Кэмпбелл мен Рианнаның бұрынғы жігіті.

Хасанның әйгілі әнші Рианнамен қарым-қатынасы үш жылға созылды. Әнші өзінің өте бақытты екенін және болашақта ана болуды қатты армандайтын мойындаған еді.
Рианнаның мұндай ел күтпеген мәлімдемесіне қарағанда Хасан тіпті, ең талапшыл арудың да жүрегін жаулап ала алатын сері көрінеді.
Естеріңізге сал кетейік, бұған дейін миллиардер Илон Масктың алтыншы баласы дүниеге келгенін хабарлаған болатынбыз.
Сондай-ақ, өте қарапайым өмір сүретін әйгілі миллионерлер жайлы жазған едік.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1869533-lemdegi-e-symbatty-milliarder-zigitterdi-zeke-miri-zajly-ne-bilemiz/