Өлдіге саналған бойжеткен жерлеу бюросында аяқ асты тіріліп кетті

Опубликовано:

Жерлеу бюросы
Көрнекі фото: kz.bizorg.su

АҚШ-та 20 жастағы бойжеткенді дәрігерлер өлдіге санағанымен, ол жерлеу бюросында көзін ашып, есін жиған. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ порталы РЕН ТВ сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Детройт тұрғыны Таймиша Бошамп дәрігерлердің салғырттығы салдарынан тірідей көмілуге шақ қалды. Жексенбі күні үйінде болған бойжеткен аяқ асты есінен танып қалған.

Жақындары дереу жедел жәрдем шақырып, ақ халаттылар оны жарты сағат бойы құтқаруға тырысады. Ақыры бойжеткенді өлдіге санап, жақындарына суыт хабарды жеткізеді.

Сот медицина сарапшылары "қайтыс болған" бойжеткеннің медициналық картасын қабылдап, "марқұмның" денесінде зорлық белгілері жоқтығын анықтайды. Осылайша бойжеткеннің "жансыз денесін" туыстарына қайтарып берген. Туыстары болса, қайғыдан қара жамылып, бойжеткенді асығыс жерлеуге кіріседі.

Алайда жерлеу бюросы "қаза болған" бойжеткеннің тыныс алып, көзін ашып жатқанын ұғып, зәрелері ұшқан деп жазады РИА Новости.

"Оны енді болмағанда бальзамдап тастайтын еді. Абырой болғанда Таймиша дер кезінде көзін ашып үлгерді. Өйтпеген жағдайда арты қайғыға ұласар еді.
Жерлеу бюросы енді мәйіттерге арналған құрал-саймандарын дайындай бергенде оның көзін ашып, тыныстап жатқанын байқап қалған", - дейді отбасының адвокаты WXYZ-TV телеарнасына берген сұхбатында.

Оның айтуынша, бойжеткен тірі және емхананың жасанды тынысталу аппаратына қосылған.

Айта кетейік, бұған дейін жүрегі тоқтап қалған ер адамның бір жарым сағаттан кейін қайта тіріліп кеткенін жазған едік.

Сонымен қатар Үндістанда әйел адам өзінің жерлеу рәсімінде тіріліп кеткенін жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1870932-ldige-sanalgan-bojzetken-zerleu-burosynda-aak-asty-tirilip-ketti/

jitsu gif