Бетперде тақпайтындармен күрес бастаған жігіт оларға арнайы қару ойлап тапты (фото, видео)

Опубликовано:

Жаңа қару түрі
Фото: 4tololo.ru

АҚШ тұрғыны Аллен Пэн коронавирус індетіне қарсы бетперде тақпайтын тұрғындар үшін арнайы қару ойлап тапты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ порталы 4tololo.ru сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

АҚШ COVID-19 індетімен күресін жалғастыруын тоқтатпауда. Сол арада Аллен Пэн есімді жас өнертпақыш вируспен күресудің оғаш жолын ұсынды.

Аллен
Фото: 4tololo.ru

Жас жігіт оқтың орнына бетпердемен ататын қару түрін құрастырып шыққан. Алайда Аллен қаруды ешкімге кеземейтінін алға тартты. Тек осылайша бұл мәселеге жұрттың назарын аударуды көздепті. Ол YouTube тұғырнамасында Sufficiently Advanced атты арна ашып, сол жерде ойлап тапқан қызықты құрылғыларының видеосымен бөлісіп отырады.

Қару
Фото: 4tololo.ru

Көмірқышқыл газының көмегімен бетпердені адамның бетіне қарай атуға мүмкіндік беретін қару көпшіліктің ерекше қызығушылығын тудырды.

Қару
Фото: 4tololo.ru

Қаруды атқан сәтте төрт болт алдыға қарай ұшып, адам бетіне тигенде магниттің көмегімен бір-біріне жабыса жөнеледі. Ал бетке бетперде дәл тиюі үшін қаруды адамның мойын тұсына кезеу керек екен.

Бетперденің ішкі тұсын жабысқақ скотчпен қаптаған жігіт, оның адам бетіне жабысып қалуын да ойластырған.

Қарудың әзірге кемшіліктері баршылық. Десе де өнертапқыш азамат бұл кемшіліктерді көр ұзамай жоюға тырысатынын алға тартты.

Еске салсақ, бұған дейін алматылықтарға бетперде тақпағаны үшін қанша айыппұл салынуы мүмкін екенін хабарланған болатын.

Ал сол арада израильдік дәрігер көшеде бетперде киіп жүрудің пайдасы шамалы екенін мәлімдеген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1870958-koronavirustan-betperde-takpajtyndarmen-kres-bastagan-zigit-olarga-arnajy-karu-ojlap-tapty-foto-video/

jitsu gif