Сирек тері дертіне шалдыққан ару денесін "сурет салатын қағазға" айналдырған

Опубликовано:

Эмма
Фото: Instagram

18 жастағы бойжеткен сирек тері дертіне шалдыққанның арқасында денесіне сурет сала алатын мүмкіндікке ие болған. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ порталы 120.su сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

18 жастағы Эмма Олденрид дермографизм деп аталатын тері дертімен сырқаттанған. Адам қолы тисе, терісі ісіне бастайтын ару бұл қиындықтарға мойымай, оны өз пайдасына асыру жолын тапқан.

Данияда тұратын ару бұл ерекшелігін боди-арттың жаңа түріне айналдыруды ұйғарған.

Бойжеткен қарындашпен терісін сызса болғаны, оның орны жайлап ісініп, қызара бастайды.

Қызарған тұсы шамамен жарты сағатта қайтадан орнына келетіндіктен, Эмма терісіне сурет салуды ермегіне айналдырып алған.

Эмма дермографизмге шалдыққанын үш жыл бұрын біледі. Содан бері көпшілікті таң қалдырып келе жатқан ару денесі қызарғаннан еш қиналмайтынын алға тартты. Айтуынша, ол тек аздап терісі қышығанын сезінеді.

Дәрігерлер бойжеткенге антигистаминдік дәрілер ішуге кеңес берген. Алайда денесіне сурет салуды доғарғысы келмейтін Эмма дәріні көп іше бермейтінін жасырмады.

Еске салсақ, бұған дейін біз бояумен кез келген жұлдыздың "көшірмесіне" айналатын "хамелеон" жігіт туралы жазған болатынбыз. Ұлыбританияның Лондон қаласында тұратын азамат макияжды шебер меңгергені соншалық, келбетін қалаған әлем жұлдызына ұқсата алады.

Одан бөлек ерекше ұзын шашымен рекорд орнатқан 42 жастағы азамат туралы жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1871619-sirek-teri-dertine-saldykkan-aru-denesin-suret-salatyn-kagazga-ajnaldyrgan/