Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мамандар: Коронавирус ер адамның жыныс мүшесіне зақым келтіруі мүмкін

Опубликовано:

Әуретті жер
Көрнекі фото: Getty Images/iStockphoto

АҚШ дәрігерлері коронавирус дерті ер адамның әуретті жерін зақымдауы мүмкін деген болжам жасады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Бұл туралы Daily Star басылымы жазған. АҚШ-тың Сан-Антонио емханасындағы дәрігерлер коронавирус жұқтырған 37 жастағы ер адамға зерттеу жүргізген.

Болжам бойынша, ер адам дертті жыныстық қатынасқа түскеннен кейін жұқтырған болуы мүмкін. Нәтижесінде әуретті жері ісініп, ауырсынуларды сезіне бастаған азамат дәрігерлерге жүгінеді.

Ақ халаттылар коронавирус дерті ер адамның жыныс мүшесін зақымдап, шәует бөлу мүмкіндігінен айыруы мүмкін екенін жоққа шығармауда.

Енді иіс пен дәм сезу қабілетінен айырылу, ыстықтың көтерілуі, құрғақ жөтел сынды симптомдардан бөлек ер адамдардың әуретті жерінің ауыруы да коронавирустың бір белгісі болуы ғажап емес.

Мұндай тоқтамға келуге коронавирустан бір апта бойы ыстығы көтеріліп, жөтел қысқан азаматтың ең жанды жері де қатты ауырғаны әсер еткен.

Консорциум құрған дәрігерлер коронавирус науқастың сперматоцитін, яғни шәует бөлу қабілетін зақымдады деген тоқтамға келеді.

MailOnline сайтындағы ақпаратқа сәйкес, коронавирус жұқтырған ер адамдардың әуретті жері ауыратынына шағымдану жағдайы бұған дейін де тіркеліп келген. 37 жастағы ер адамның жағдайы бұл шағымдардың негізсіз еместігін аңдатқан.

Десе де American Journal of Emergency Medicine ғылыми журналындағы деректерге сәйкес, мұндай шағымдар вирус жұқтырғандар арасында сирек кездеседі.

Сол арада қытайлық ғалымдар 38 ер адамның шәуетіне зерттеу жүргізіп, коронавирус жыныстық қатынастан жұғуы әбден мүмкін деген тоқтамға келген. Зерттеуге қатысқан әрбір алтыншы азаматтың шәуетінен коронавирус іздері табылыпты. Олардың арасында, тіпті дерттен толық айығып шыққандар да бар.

Еске салсақ, бұған дейін елімізде өткен тәулікте COVID-19 белгілері бар пневмониядан 6 адам көз жұмғаны және Алматының жедел жәрдем қызметі пандемияның жаңа толқынына дайындалып жатқаны хабарланған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1871911-mamandar-koronavirus-er-adamny-zynys-msesine-zakym-keltirui-mmkin/

pixel