Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сүйіктісінің ұрысынан мезі болған жігіт оны қоқыс жәшігіне лақтыра салды

Опубликовано:

Ұрыс
Видеодан скриншот: Twitter

Ресейдің Омск қаласында қос ғашықтың арасында болған жанжал көпшіліктің назарына ілікті. Жас жігіт ұрыс барысында сүйіктісін қоқыс жәшігіне лақтыра салған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Twitter желісінде bazabazon лақап атымен тіркелген тұрғын жария еткен видеода жас жігіт пен бойжеткеннің жанжалдасып жатқаны байқалады. Видеоға түсініктеме жазған автор бұл жайттың Омск қаласында болғанын айтуда.

Ұрыс-керіс көлік тұрағы мен қоқыс салынатын жәшіктер маңында болған. Жас жігіт артынан ұрыс шығарып қуып келе жатқан бойжеткеннен алысырақ кетуге тырысады. Десе де өзіне айтылған сөздердің бірін көтере алмаған азамат жанжал шығарған аруға жүгіріп барып, оны көтеріп алады.

Жас жігіт сүйіктісін тыныштандыру мақсатында емес, одан құтылу мақсатында көтерген екен. Көп ұзамай ол қоқыс жәшігіне бет алып, бойжеткенді соның ішіне жайлап лақтыра салады.

Қоқысқа басымен кіріп кеткен ару айқай-шумен қоқыс жәшігінен әзер дегенде шыға алған. Желі қолданушылары бойжеткеннің мас болуы мүмкін екенін айтуда. Жәшіктен шығып алған ару жігітпен әрі қарай жанжалын жалғастырады. Жігіт болса, бұл жайтты ұялы телефонына түсіруге кіріскен. Артынша, ол бойжеткенді қуа жөнелген сәтте видео үзіліп қалады.

Жанжалға не себеп болғаны және оқиғаның немен аяқталғаны әзірге белгісіз. Десе де бұл жайт желіде қызу пікірталас тудыруда.

Еске салсақ, бұған дейін біз ашушаң әйел сөзіне құлақ аспаған күйеуінің әуретті жерін жұлып алғанын жазған болатынбыз.

Одан бөлек, не себепті жапониялық ерлі-зайыптылардың дені төсекте бөлек жатқанды жөн көретінін жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1872369-sjiktisini-rysynan-mezi-bolgan-zigit-ony-kokys-zsigine-laktyra-saldy/

pixel