Ғалымдар адамның қай жаста өзін тым бақытсыз сезінетінін анықтады
Опубликовано:

Америкалық ғалымдар арнайы зерттеу жүргізіп, адам өміріндегі ең бақытсыз жасты анықтады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Sputnik Қазақстан агенттігіне сілтеме жасап.
Дартмутск колледжі мен экономикалық зерттеулер жөніндегі ұлттық бюро мамандары 132 елден алған мәліметтерді зерделеген. Олар әртүрлі жастағы адамдардан өз өміріне қанағаттану деңгейін бағалауды сұраған, деп жазады "Известия" басылымы.
Осылайша, адам өміріндегі ең бақытты кезең 18–20 жас болып шықты, әрі қарай жағдай нашарлай береді де, 47–48 жаста шарықтау шегіне жетеді.
Бұл жағдай 60 жасқа дейін жалғасады, одан кейін қайтадан көтеріле бастайды да, 70 жаста адамдар өзін қайтадан бақытты сезіне бастайды.
Ғалымдардың айтуынша, бұл жағдай сыртқы факторларға байланысты емес, адам ағзасындағы биохимиялық процестер мен гормондар деңгейінің өзгеруінен болады.
Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін адамның жазуы арқылы мінез-құлқын қалай анықтауға болатыны туралы жазған едік.
Графология мәселесін 24 жылдан бері зерттеп келе жатқан маман адамның жазуына, құжатқа қоятын қолына қарап мінезін білудің қыр-сырын айтып берді.
Айтуынша, бұл сала әлі күнге дейін зерттеліп келеді, дей тұрғанмен адамның мінезін білу үшін, психикасына үңілу үшін әрбір психолог маман интуицияны пайдалануы керек. Кез келген психолог графолог бола алмайды.
Сонымен қатар, адам ағзасын ерте қартайтатын тағамдар туралы да оқи аласыз.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1872842-galymdar-adamny-kaj-zasta-zin-tym-bakytsyz-sezinetinin-anyktady/