Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

46 жастағы оқытушы онлайн сабақ кезінде кенеттен қайтыс болды

Опубликовано:

сабақ онлайн
Көрнекі фото: blog.pluma.co

Аргентинада университет оқытушысы Zoom-да өтіп жатқан онлайн сабақ кезінде қайтыс болып кетті деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы Sputnik Қазақстан агенттігіне сілтеме жасап

Қайғылы оқиға сәрсенбі күні, 2 қыркүйекте болған.

Clarin басылымының жазуынша, Аргентинадағы университеттің оқытушысы Паола де Симоне студенттерге онлайн дәріс оқып жатқан.

Кенеттен 46 жастағы оқытушы сабақ барысында демала алмай, тұншыға бастайды. Ақыры ол есінен танып, қайтыс болады.

Басылымның хабарлауынша, студенттер жедел жәрдем шақыру үшін мұғалімнің мекенжайын білмек болады, бірақ ауруы ұстап, қысылып қалған әйелдің сөйлеуге шамасы келмейді.

Тамыз айының соңында осы оқытушы әлеуметтік желіде өзінде коронавирус инфекциясының белгілері бар екенін жазған.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін адамның жазуы арқылы мінез-құлқын қалай анықтауға болатыны туралы жазған едік.

Графология мәселесін 24 жылдан бері зерттеп келе жатқан маман адамның жазуына, құжатқа қоятын қолына қарап мінезін білудің қыр-сырын айтып берді.

Айтуынша, бұл сала әлі күнге дейін зерттеліп келеді, дей тұрғанмен адамның мінезін білу үшін, психикасына үңілу үшін әрбір психолог маман интуицияны пайдалануы керек. Кез келген психолог графолог бола алмайды.

Сонымен қатар, адам ағзасын ерте қартайтатын тағамдар туралы да оқи аласыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1872845-46-zastagy-okytusy-onlajn-sabak-kezinde-kenetten-kajtys-boldy/