Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Полицейлер коронавирусқа қарсы бетперде тақпайтындарды табытқа жатқызуда (фото)

Опубликовано:

Табыт
Фото: Facebook / Александр Деркач

Джакарта билігі коронавируспен күресте табытты қолдануды жөн санауда. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ порталы obozrevatel.com сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Индонезия астанасы Джакартада жергілікті полицейлер бетперде киюден бас тартқан тұрғындарға табытта жата тұруды ұсынуда.

Бұл туралы Александр Деркач есімді Facebook желісінің қолданушысы өз парақшасында жазған. Айтуынша, мұндай ақпаратты ол Блумбергтен оқыған көрінеді.

"Бүгін Блумбергтен оқыдым. Джакарта муниципалитеті, Индонезия астанасы осылай шешті. Егер полиция бетперде кимеген тұрғынды ұстаса, олар әлгі адамға бетперде беріп, сыпайы түрде табытта жата тұруды ұсынады", - деп жазған ол.

Адександрдың сөзіне сенсек, бетперде тақпағандар табытта екі минуттай жата алады.

"Тұрғын жай жатпай, жүзге дейін санап, өмір туралы ойға шомады және өзгелерге өзін суретке түсіруге мүмкіндік береді. Қызық адамдар, солай емес пе?", - деп жазған ол.

Еске салсақ, бұған дейін АҚШ тұрғыны Аллен Пэн коронавирус індетіне қарсы бетперде тақпайтын тұрғындар үшін арнайы қару ойлап тапқанын хабарлаған едік.

Одан бөлек, коронавирустың салдарынан шекара асуға мүмкіндігі болмаған жас жұбайлар тойын дәл екі ел тоғысқан сызықтың бойында жасағанын жазған болатынбыз.

Той қонақтары арасында шақырылмаған тағы екі қонақ болған. Олар - шекараны ешкім асып кетпеуін қадағалап жүрген екі полицей.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1872974-policejler-koronavirustan-betperde-takpajtyndardy-tabytka-zatkyzuda/

pixel