Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тойында қатты қобалжыған қалыңдық көз жұмды

Опубликовано:

Той
Көрнекі фото: pixabay.com

Дағыстанда 23 жастағы бойжеткен той үстінде қайтыс болды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ порталы ntv.ru сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Жергілікті Коммуникация қызметі басқармасының сайтында жария болған ақпаратқа сәйкес, қалыңдықтың өліміне той алдындағы қатты қобалжу себеп болған.

Қайғылы жағдай Дағыстанның Мургук ауылында болған. Бойжеткен той алдында қатты толқып жүргендіктен дәрі ішіп алған.

Өкінішке қарай, дәрінің еш көмегі болмай, оның жағдайы той үстінде нашарлап кеткен. Қалыңдық бірден жедел жәрдеммен емханаға жеткізіледі. Алайда оны құтқару мүмкін болмаған.

Қазір сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде. Сот медициналық сараптама қалыңдықтың қазасына не себеп болғанын анықтауға тырысып жатыр.

Mash Telegram-каналының ақпаратына сүйенсек 23 жастағы қалындықтың есімі Зареме болған. Бойжеткеннің жүрегі бала кезінен ауыратын болып шықты. Ол әжесіне кішкентайынан жүрегі ауыратынын айтып, шағымданып келіпті.

Той алдында қатты алаңдаған қалыңдық есінен танып қалған. Туыстары дереу дәрі беріп, есін жинатқанымен, оның жағдайы жақсара қоймаған.

Заременің қан қысымы күрт түсіп кетіпті. Алдын ала болжам бойынша ол инсульттан көз жұмған.

Еске салсақ, бұған дейін коронавирустан шекара аса алмаған жұп тойды екі ел тоғысқан сызықтың бойында жасағанын жазған едік.

Одан бөлек, өзге қалыңдық вирустан қорқып тойға келмеген қонақтарды "өлдіге" санайтынын мәлімдегенін жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1873494-tojynda-katty-kobalzygan-kalydyk-kz-zmdy/

pixel