Көр қазудан қалааралық жарыс ұйымдастырғандар жаға ұстатты (видео)

Опубликовано:

Көр қазу
Видеодан скриншот: Mash Telegram-каналы

Ресейде көр қазудан жарыс ұйымдастырғандардың әрекеті қызу пікірталас тудырды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Мұндай жарыс түрі аталмыш елде алғаш рет өтіп отыр. Томск қаласында өткен жарыстың жеңімпаздары да анықталып үлгерген. Олар көрді 52 минут ішінде қазып шықты. Бұл туралы ақпаратты Mash Telegram-каналы жария еткен.

Көр қазудан жарыс өткізу жоспарланып отырғаны жаз айының басында белгілі болған. Ол кезде жарысты жерлеу үйі ұйымдастыруы тиіс болыпты. Ал жарыс орны ретінде Владивосток қаласы таңдалған екен.

Кейін жарысты Омск қаласында өткізу ұйғарылған. Алайда коронавирус пандемиясы салдарынан жарыс мүлде келесі жылға шегерілген көрінеді.

Бұл шешіммен келіспеген жерлеу саласының мамандары жарысты өздері ұйымдастыруды қолға алыпты. Олар Томскіге бес қаладан әріптестерін жарысқа қатысуға шақырған.

Нәтижесіне ең үздік көрсеткішті Томск қаласының тұрғындары көрсеткен. Олар 52 минутта көр қазып шыға алған. Ал ең нашар нәтижені көрсеткендер 70 минут бойы көр қазыпты.

Еске салсақ, бұған дейін өлдіге саналған бойжеткен жерлеу бюросында аяқ асты тіріліп кеткенін жазған едік.

Одан бөлек, Үндістанда әйел адам өзінің жерлеу рәсімінде тіріліп кеткенін жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1873566-kr-kazudan-kalaaralyk-zarys-jymdastyrgandar-zaga-statty-video/

jitsu gif