Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

13 жылға алған ипотекасын бес күнде төлеп тастаған келіншек банк қызметкерлерін таңырқатты

Опубликовано:

ипотека11
Көрнекі фото: pixabay.com

Ресейде Нижегородская облысының тұрғыны ипотекалық несиесін рекордтық мерзімде төлеп бітірген деп жазады KAZ.NUR.KZ Lenta.ru-ға сілтеме жасап.

Басылымның жазуынша, келіншек жаңадан салынған көп қабатты үйлерден екі бөлмелі пәтер алғысы келген. Сөйтіп әйел банкке жүгініп, 13 жыл мерзімге ипотека алған.

Әйелдің айтуынша, ескі үйін сатып, несиесін төлемек ниетте болған. Алайда баспанасын сатып алушы бірден табыла қоймапты.

Кейінірек, бірер күннен соң ескі үйі сатылып, несиені алғаннан бес күн өткен соң келіншек қарызын өтеп тастаған.

Еске сала кетсек, бұған дейін ипотека алу үшін алғашқы жарнаға қанша қаражат керек екенін жазған едік.

Сондай-ақ мемлекет басшысы биылғы жолдауында 2021 жылы 700 мыңдай қазақстандықтың зейнетақы жинағының бір бөлігін үй сатып алуға, оқуға немесе денсаулығы үшін пайдалана алатынын айтқан болатын.

Кейінірек, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 700 мыңға кімдердің енгенін айтып берді.

Министрліктің сөзінше, 500 мыңнан астам адам зейнетақы шоттарына жеткілікті ақша жинаған. Алдын ала есеп бойынша, ер адамдар мен әйелдер үшін жеткіліктілік шегі осылай болмақ:

30 жас - жеткіліктілік шегі 2 млн 518 мың теңге, осы мөлшерден асып кетсе, жинақтауды алуға болады;

35 жас - 2 млн 961 мың теңге;

40 жас - 3 млн 437 мың теңге;

45 жас - 3 млн 947 мың теңге;

50 жас - 4 млн 495 мың теңге;

55 жас - 5 млн теңге;

59 жастан жоғары - 5 млн 586 мың теңге.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1873823-ipotekasyn-bes-knde-tlep-bitirgen-kelinsek-bank-kyzmetkerlerin-tayrkatty/

pixel