Ұшақтың ішінде бидің түбін түсірген бортсерік желіде жұлдыз болды

Опубликовано:

Бортсерік
Фото: instagram.com/briannachrstine/

АҚШ-та ұшақтың ішінде би билеген бортсерік желі қолданушыларының көңілін көтерді. Брианна Бернетт есімді стюардесса жандырып билеген сәтін өзінің желідегі парақшасында жариялаған деп жазады KAZ.NUR.KZ mk.ru сайтына сілтеме жасап.

Брианнаның Instagram парақшасына салған видеосы көпшілік назарын өзіне аударды.

Әлеуметтік желіде жарияланған кадрлардан әуекомпания қызметкерінің тасымалдаушының формасын киіп, мың бұрала билеп жатқанын көруге болады.

Видеоны көрген желі қолданушылары бортсеріктің биін жоғары бағалап, оның шын мәнінде батыл екенін алға тартқан.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Финляндиядағы Хельсинки-Вантаа әуежайында экипаж мүшелерінің бірі Airbus A320 ұшағынан құлап түскенін жазған едік. Белгілі болғандай, лайнер бұл сәтте ұшу-қону жолағында тұрған.

Сондай-ақ Жапонияда Peach Aviation әуе компаниясының ұшағы коронавирус пандемиясы кезінде ұшу ережелерін сақтаудан бас тартқан жолаушы үшін шұғыл түрде қонуға мәжбүр болғанын хабарлаған болатынбыз.

Анықталғандай маска тақпай отырған жолаушыны көрген бортсерік ер адамға ескерту жасаған. Алайда, ол талапты орындаудан бас тартқан екен.

Сол кезде ұшқыш шұғыл түрде Ниигата қаласының әуежайына қонуға шешім қабылдаған. Содан кейін қауіпсіздік шараларын орындаудан бас тартқан жолаушы борттан түсіріліп, әуе сапары ары қарай жалғасқан.

Сонымен қатар 10 мың метр биіктіктен құлаған ұшақтан аман қалған бортсерік жайлы жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1873833-sakty-isinde-bidi-tbin-tsirgen-bortserik-zelide-zldyz-boldy/

jitsu gif