Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сот залында айыпталушы жәбірленушіге тұрмысқа шығу туралы ұсыныс жасады

Опубликовано:

сот отырыс1
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Германия тұрғыны сот процесі кезінде өзіне өлтірмек болған ер адамның тұрмысқа шығу туралы ұсынысын қабыл алды деп жазады KAZ.NUR.KZ РИА Новостиге сілтеме жасап.

47 жастағы Андреасқа 35 жастағы Катаринаны тепкіледі, ұрды, тұншықтырды, шашынан сүйреді және өлтірем деп қорқытты деген айып тағылған.

Ер адам үшкір затпен келіншектің бетін жарақаттаған. Тіпті әйелдің басынан ұрмақ болған, алайда Катарина "сүйіктісінің" шабуылынан аман қалыпты.

Боннадағы сот залында Андреас Катаринаға үйленуге ұсыныс жасаған. Келіншек ер адамның ұсынысынан бас тартпапты.

Басылымның жазуынша, бұл ұсыныс махаббаттан гөрі тактика есебінен жасалған. Өйткені әйел сотта куәлік беруі керек еді. Енді қалыңдық ретінде айыпталушыға қарсы куәлік беруден бас тартуына болады.

Сондай-ақ, Катаринаның үш баласы бары, соның ішінде бір ұлы Андреастан екені хабарланған. Жәбірленушінің бірінші некесінен туған қызының айтуынша, анасы жүктіліктің сегізінші айында. Нәрестенің әкесі айыпталушы болуы мүмкін.

Айта кетсек, оқиғаның аяқ астынан өзгергеніне қарамастан, ер адамнің ісі сотта қаралып жатыр.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Талдықорғанда 25 жастағы жігіттің әйел адамға шабуыл жасады деген күдікке ұсталғанын хабарлаған едік.

Полицияның айтуынша, ол мас болған. Ер адам жәбірленушіге оның дөрекі жауап бергендігіне байланысты шабуыл жасағанын мойындаған.

Сонымен бірге, елордада мас күйдегі адам өзімен-өзі кетіп бара жатқан тұрғынның өзіне қарағанын ұнатпай жұдырық сілтегенін жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1873902-sot-zalynda-ajyptalusy-zbirlenusige-trmyska-sygu-turaly-synys-zasady/