Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұр-Сұлтан тұрғынын итімен қоса қуған сиырлар желіде жұлдыз болды

Опубликовано:

Сиырлар
Видеодан скриншот: qazaqpyz_goi

Нұр-Сұлтан тұрғынын итімен қоса тырқырата қуған сиырлар Қазнет жұлдызына айналды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Instagram әлеуметтік желісінің qazaqpyz_goi парақшасы бұл оғаш жағдайдың видеосымен бөліскен. Видеода жолдың бойында емін-еркін көсіліп жүрген сегіз сиырдың ер адам мен оның итін көре сала оларға бас салып, тырқырата қуалай бастағаны байқалады.

Зәресі ұшқан ит қожайынының алдына түсіп алып, алды-артына қарамай қаша жөнелген. Ер адам да, иті де үйдің үлкен қақпасының арқасында сиырлардан құтылғандай болады. Алайда көп ұзамай қайта сыртқа шыққан азамат оны аңдып тұрған сиырлардан тағы қашуға мәжбүр болады.

"Facebook қолданушысы Азат Есенғалиев Нұр-Сұлтан маңындағы Шығыс Ильинкада сиырлармен болған жайттың видеосын жария етті", - деп жазған видеомен бөліскендер.

Видеоны көргендердің дені бұл жайт олардың көңіл-күйін көтергенін жарыса жазуда.

"Неге сонша күлкілі", "Не айтарымды білмей, күліп өлдім", "Итің алдына түсіп қашып жүр ғой", "Феминист сиырлар", - деп жазған желі қолданушылары.

Еске салсақ, бұған дейін біз полицейлерді тырқырата қуалаған сиырлар көпшіліктің көңілін көтергенін жазған болатынбыз. Қала ішіне кіріп кеткен сиырларды қумақ болған полицейлер ақыр соңында сиырдан өздері қаша жөнеліпті.

Одан бөлек, өзін әбден мезі еткен шыбынды өлтірмек болған зейнеткер үйін жарып жібергенін жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1874500-nr-sltan-trgynyn-itimen-kosa-kugan-siyrlar-zelide-zldyz-boldy/

pixel