Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жәшік көмектескен: Үш күн ашық мұхитта жүзген балықшы қалай аман қалды (фото)

Опубликовано:

Удин
Фото: ViralPress

Индонезияда үш күн бойы мұхитта қалқыған балықшы табылды. Ол жәшік ішінде отырғанның арқасында аман қалған. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ порталы vinegred.ru сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Индонезия елінің Солтүстік Молукку провинциясында 17 қыркүйек күні болған бұл жайт әлем жұртшылығының таңданысын тудырған.

Үш тәулік бойы сусыз, тамақсыз ашық мұхитта қалқыған 46 жастағы Удин Диман (Udin Diman) ғажайыптың күшімен аман қалады.

Удин
Фото: ViralPress

Балық аулауға шыққан азамат үйіне қайтып оралмағандықтан, оның отбасы 24 сағаттан кейін полиция көмегіне жүгінген.

Тәртіп сақшылары дереу іздеу тобын ер адамды табуға аттандырады. Удинді бір топ адам мен жергілікті балықшылар қанша іздегенімен, бастапқыда еш нәтиже болмаған.

Удин
Фото: ViralPress

Алайда екі тәулік тоқтаусыз іздеу жұмыстарын жалғастырған полицейлер әбден ашыққан азаматты мұхит бетінде қалқып жүрген сәтінде тауып алады.

Іздеу тобы оны мұхиттың ортасынан байқап қалғанда, ер адам мұз салатын жәшікке жармасып, барынша ұсталып тұруға тырысыпты.

Удин
Фото: ViralPress

Олар балықшыны өз қайығына отырғызып, дереу емханаға алып барады. Себебі, үш тәулік сусыз, ассыз болған азамат әбден әлсіреген екен,

"Оның қалай үш тәулік сусыз аман қалғанына таңбыз. Жолы болды. Оны тауып алғанымызға қатты қуандық", - дейді құтқарушы топтың басшысы Мухамад Арафах (Muhamad Arafah).

Удин
Фото: ViralPress

Есін жиған Удин қатты ағыстан қайығы аударылып, ондағы жәшікке жармасуының арқасында аман қалғанын айтып берді.

"Арасында ашыққаннан есімнен танып отырдым, ұйықтап кетіп жаттым. Құтқарушылар тапқанға дейін солай жан бақтым", - дейді ол.

Құтқарушыларға алғысын жаудырған балықшы көп ұзамай отбасына қайтып оралды.

Еске салсақ, бұған дейін біз тастай мұздың ішінде екі сағат бойы жалаңаш отырған спортшы рекорд орнатқанын жазған едік.

Одан бөлек, бес-ақ сағатта 10 келі салмақ тастаған қария көпті таң қалдырғанын жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1875794-zsik-kmektesken-s-kn-asyk-mhitta-zzgen-balyksy-kalaj-aman-kaldy-foto/

pixel