Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Күйеу жігіт көзіне шөп салған қалыңдығынан ерекше түрде кек алды

Опубликовано:

Киім1
Қалыңдықтың киім-кешегі. Фото: TikTok/mashleigh2

Америкалық қалыңдығының опасыз қылығы туралы тойға дейін үш апта бұрын білген. Ол сүйіктісінің барлық заттарын лақтырып, кек алуға бел буды. Видеоны күйеу жігіттің әпкесі TikTok парақшасында жариялапты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Күйеу жігіттің әпкесі Мэделин Смит қыз ойнақ кеште қалыңдықтың бұрынғы жігітімен әңгімесін естіген . Айтпақшы, қалыңдықтың бұрынғы жігітінің сүйіктісі мен баласы болған, деп хабарлайды The Sun.

Көзіне шөп салғанын білген күйеу жігіт бірден іске кіріседі. Ол оның үйдегі барлық заттарын жинап, көшеге лақтырып жіберген. Күйеу жігіттің әпкесі шашылған киім-кешекті видеоға түсіріп, өз TikTok парақшасында жариялады.

"Смиттермен әзілдеспеңіздер", – деді ол оқиғаға түсініктеме беріп.

Осы оқиғадан кейін Мэделин бауырының көңілін көтеруді жөн санап, қалыңдықтың құрбыларымен бірге көңілді кеш өткізген.

Еске салсақ, Reddit сайтының қолданушысы орынсыз әзілдеймін деп ерлі-зайыптылардың ажырасуына себеп болғаны туралы жазған едік.

Жігіт дүкен кассасында тұрған әйелге толықтығын бетіне басып қалжыңдай бастаған. Әйелдің қасында тұрған күйеуі ер адамның бұл қалжыңына қосыла кетіп, бірге күле бастайды. Ол әйеліне жақтасудың орнына, әзілқоймен бірге қалжыңға ортақтасқаны үшін оңбай опық жейді.

Айта кеткен жөн, 38 жастағы Ұлыбритания тұрғыны ағашқа тұрмысқа шығуына бір жыл толғанын салтанатты түрде атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1876021-kjeu-zigit-kzine-sp-salgan-kalydygynan-erekse-trde-kek-aldy/

pixel