Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда жоғары технологиялық заманауи зауыт салынады

Опубликовано:

Зауыт
Фото: BI Group баспасөз қызметі

Елордадағы ModeX кәсіпорнының тұсаукесерінен кейін BI Group холдингі Алматыда да жоғары технологиялық зауытты іске қосу жоспарланып отырғанын хабарлайды. Кәсіпорында Қазақстанның тұрғын үй саласын түбегейлі өзгертетін индустриялық-модульдік құрылыстың инновациялық технологиялары енгізілетін болады.

Флагмандық технология АҚШ, Германия және Скандинавия сияқты елдерінің жетекші нарығында өзін дәлелдеген.

Бұл жобаның идеясы қисынды және экономикалық негізделген; кәсіпорын еліміздің ірі қаласының нарығын модульдік құрылыс технологиясының барлық артықшылықтарымен қамтамасыз етеді:

  • Көп сатылы операциялық бақылаудың және автоматтандырудың жоғары деңгейінің арқасында өндірістік процесс қабырғалардың, едендер мен төбелердің мінсіз тегіс болуына мүмкіндік береді. Сонымен қатар, шу мен жылу оқшаулаудың жоғары көрсеткіштеріне қол жеткізіледі.
  • Көп маусымдылық және конвейерлік өндірістің технологиялық процестерін автоматтандыру тұрғын үй салу мерзімін айтарлықтай қысқартады.
  • Алматы қаласындағы құрылыс мәселесінде сейсмологиялық қорғау критерийі аса маңызды болып табылады. Құрастырылымдардың кепілдендірілген сейсмотұрақтылығы "ҚазСҚҒЗИ"АҚ сынақтарымен расталады.
  • Барлық құрылыс жұмыстарының 80% - ы кәсіпорында орындалады. Бұл сондай-ақ әрлеу жұмыстарын қамтиды. Құрылыс алаңында тек модульдерді құрастырып және оларды инженерлік желілерге қосу ғана қалады.
Зауыт
Фото: BI Group баспасөз қызметі
"Алматы – еліміздің ірі агломерациясы. Біз осы өңірде модульдік технологияның заманауи және қолжетімді тұрғын үй салуды жаңа деңгейге көтеретініне сенімдіміз. Қазіргі уақытта біз бірқатар тәжірибелік зерттеулермен айналысудамыз", - дейді Modex зауытының даму жөніндегі директоры Адат Әділхан.
Зауыт
Фото: BI Group баспасөз қызметі

Нұр-Сұлтан қаласында жұмыс істеп тұрған ModeX зауыты Қазақстан аумағында саланың пионері болып табылады. Бүгінгі таңда елордалық зауыттың 1-ші кезегі іске қосылған. 2022 жылға дейін 2 және 3 кезектерді пайдалануға беру жоспарлануда.

Зауыт
Фото: BI Group баспасөз қызметі

Осылайша, өндірістік қуат жылына 500 мың шаршы метрді құрайды. Бұл қуаттылық 700 жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.

Зауыт
Фото: BI Group баспасөз қызметі

Модульдік құрылыс зауыттарын одан әрі масштабтау жоспарлануда, келесі кезекте – Шымкент тұр. Модульдік технологияны тұрғын үй кешендері мен коттедждер құрылысы үшін ғана емес, мектептер, ауруханалар, балабақшалар және басқа да әлеуметтік инфрақұрылым объектілері үшін пайдалануға болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1876665-almatyda-zogary-tehnologialyk-zamanaui-zauyt-salynady/

pixel