Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ұлыбританияда 170 мың долларға сатылып жатқан кішігірім баспана жұртты таңғалдырды

Опубликовано:

Баспана
Фото: bigpicture.ru

Лондон маңындағы Рединг қаласында құны 71 млн теңгеге жететін баспана сатылымға қойылды. Көлемі небәрі 5,74-те 1,99 метрді құрайтын бір бөлмелі шағын пәтерде өмір сүруге қажеттінің бәрі бар деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ bigpicture.ru-ге сілтеме жасап.

Шкафта раковина, душ және дәретхана бар тұрғын үй 110 000 фунт стерлингке (шамамен 170 000 доллар) сатылымға қойылған.

Баспана
Фото: bigpicture.ru

Жуынатын бөлменің маңында орналасқан тар кіреберіс арқылы жиналмалы үстелі бар бөлмеге кіруге болады.

Баспана
Фото: bigpicture.ru

Төсектің астында заттарды сақтауға арналған жәшіктер де бар.

Баспана
Фото: bigpicture.ru

Риэлторлар "ашық алаңды ас үй" деп сипаттайтын кішкентай ас үй терезенің жаңында орналасқан.

Баспана
Фото: bigpicture.ru

Жылжымайтын мүлік агенттерінің сөзінше, аурухана маңында орналасқан аталмыш үйдің иелері болашақта оны айына 550 фунтқа жалға бере алады.

Баспана
Фото: bigpicture.ru

Айта кетейік, бұған дейін небәрі бір тәулікте салынып бітетін 3D үйлер әлем назарына іліккенін хабарлаған едік.

Америкалық Mighty Building компаниясы үйді 3D форматында басып шығарып, оны 24 сағаттың ішінде ғана құрастыра алады. Мұндай тұрғын үйдің бағасы 100000 фунт стерлингке дейін жетеді.

Ал Калифорниядағы Mighty Building 6 метрлік принтерді пайдаланады. Оның көмегімен тапсырыс берушіге жүк көлігімен жеткізіп беруге болатын шағын коттедж жасауға болады.

Сондай-ақ, бұған дейін арманындағы үйді небәрі бір жарым айда салып, бар-жоғы 9000 доллар жұмсаған ер адам туралы жазған болатынбыз.

Таиландтық Стив Арин өзінің арманын жүзеге асыра алды. Ол бір жарым айдың ішінде 9 мың доллар тұратын үйді өз қолымен тұрғызған.

Таиландта күмбезді үйлер салумен айналысатын досына сапарлатып барғаннан кейін Стив өзі баспаналы болуды мақсат еткен екен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1878522-lybritaniada-170-my-dollarga-satylyp-zatkan-kisigirim-baspana-zrtty-tagaldyrdy/

pixel