Тіс дәрігеріне бара жатқан ер адам кенеттен ақшаға кенелді
Опубликовано:

Американың Солтүстік Миртл-Бич (Оңтүстік Каролина) қаласының тұрғыны тіс дәрігеріне барып, сол күні лотерея ұтып алды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Lenta.ru сайтына сілтеме жасап.
Ларри Хейлз дәрігерге бара жатып дүкенге кіріп, жедел лоторея билеттерін сатып алған.
"Мен билеттерді жүк көлігіме салып алып, дәрігер қабылдауына бардым. Кейін шотқа ақша салу үшін банкке баруым керек болды. Кезегімді күтіп тұрған кезде лотореяның нәтижелерін тексердім", - дейді ол.
Джеймс 10 долларға сатып алған лотерея билеті оған сәттілік әкелді. Нәтижесінде америкалық азамат 750 мың долларлық ұтысқа ие болған. Жеңімпаз жақсы жаңалықты бірден әйеліне жеткізуге асыққан.
Жеңіп алған ақшаға ерлі-зайыптылар үйіне жөндеу жұмыстарын жүргізуді жоспарлап отыр.
"Сонымен қатар, біз жаңа көлік сатып аламыз", - деп қоса кетті Хейлс.
Естеріңізге сала кетейік, 20 жыл бойы лотореяға сеніп келген зейнеткердің ақыры қыруар ақша ұтып алғанын жазған едік.
АҚШ-тың Флорида штаты Веро Бич қаласында тұратын Джеймс Дипполд есімді зейнеткер 20 жыл бойы Powerball лотореясының билеттерін сатып алып келген. Ол жеңетініне сеніп келгені соншалық, сол 20 жыл ішінде лотореяға тек бір санды ғана қайта-қайта енгізіп келіпті.
73 жастағы азамат ширек ғасырға жуық уақыт өз жеңісін сарғая күткен. Мектеп автобусының жүргізушісі болып жұмыс істейтін ол, кезекті лотореяда жеңіске жеткенінде қуанышы қойнына сыймаған.
Айта кетейік, біз түсінде көрген санды таңдаған әжей лотореядан қыруар қаражат ұтып алғанын жазған болатынбыз. Канаданың Онтарио провинциясындағы Торольд қаласында тұратын 64 жастағы әйел адам лотерея ойнар алдында ерекше түс көрген екен.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1879995-tis-drigerine-bara-zatkan-er-adam-kenetten-aksaga-keneldi/