RU

Тұрмыс құратынымен мақтанбақ болған арудың неке жүзігін иті жұтып қойды

Ит
Видеодан скриншот: JP Today News

Қожайынының қымбат неке жүзігін жұтып қойған ит көпшіліктің көңілін көтерді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Reddit қолданушысы жақын арада тұрмысқа шығатынымен мақтанғысы келіп, итінің көмегіне жүгінбек болады. Ол итінің тұмсығының үстіне неке жүзігін қойып, видеоға түсіре бастайды.

Ит қожайыны осылайша тамақтандырып жатыр деп ойлаған болуы керек. Ол дереу тұмсығындағы жүзікті жұтып қояды. Итінен мұндай әрекетті мүлде күтпеген ару камерасын тастай сала, итіне қарай жүгіреді.

Видео желіде көпшіліктің көңілін көтеріп, қызу пікірталас тудырған. Бірі иттің бұл жайттан кейінгі жағдайына алаңдаса, енді бірі қымбат жүзіктің жағдайына алаңдаушылық білдірген. Оқиғаның немен аяқталғаны әзірге белгісіз.

Еске салсақ, бұған дейін экстремалды жағдайда ғашығына ұсыныс жасаған жігіт сәтсіздікке ұшырай жаздағанын жазған болатынбыз. Ер адам өзінің сүйіктісіне парашютпен секіру кезінде тосынсый жасауды ұйғарған.

Одан бөлек, көңілдесінен бала тауып алған келіншек күйеуін алимент төлеуге мәжбүрлегенін жазған едік. Сот әйелдің өтінішін қанағатттандыруды ұйғарып, ер адамды алимент төлеуге міндеттейді.

Сонымен қатар, сүйіктісімен алғаш кездескен сәтінде оған ұсыныс жасайтынынан мүлде хабарсыз болған Шотландия тұрғыны ыңғайсыз жағдайда қалып қойғанын хабарлаған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1880682-trmys-kratynymen-maktanbak-bolgan-arudy-neke-zzigin-iti-ztyp-kojdy-video/