RU

Ғалымдар коронавирусты толықтай жоятын тазалық құралын тапты

Гигиена
Көрнекі сурет: pixabay.com

Америкалық ғалымдар әртүрлі гигиеналық құралдардың коронавирустардың өміршеңдігіне әсерін зерттеп шықты. Нәтижесінде олар коронавирусты толықтай жоя алатын тазалық құралын анықтады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Пенсильвания штатындағы Медицина колледжінің зерттеушілері кәдімгі гигиеналық құралдардың көмегімен коронавирусты жоюға болатынын анықтады. Нақтырақ айтсақ, балаларға арналған сусабын мен аузын шаятын сұйықтық коронавирусты өлтіре алатын болып шықты.

Зерттеу нәтижелері Journal of Medical Virology журналында жарияланған. Онда ғалымдардың нәрестеге арналған сусабын мен ауыз шаятын сұйықтықты зерттегені баяндалады.

Әсіресе балаларға арналған сусабын вируспен күресте жоғары тиімділікті көрсетті деп атап өтті зерттеушілер баспасөз хабарламасында.

Олардың айтуынша, сусабын адам денесімен "екі минуттық байланыста болғаннан кейін коронавирустың 99,9% -дан астамын" инактивациялаған. Сондай-ақ, олар ауызды арнайы сұйықтықпен шаю ондағы "вирустың 99,9% -дан астамын 30 секундтық байланыста жоя алғанын" анықтады.

Зерттеудің жетекші авторы, микробиология, иммунология және гинекология профессоры Крейг Мейерстің айтуынша, зерттеу нәтижелері адамның аузындағы вирус (вирустық жүктеме) мөлшерін азайтуға мүмкіндік береді.

"Вакцина жасалынғанша, вирустың таралуын азайту әдістерін қолдану қажет. Біз зерттеген тазалық құралдары қолжетімді және олар көбіне адамдардың күнделікті өмірінде қолданыста бар", - дейді Мейерс.

Еске салсақ, бұған дейін біз коронавирустан көз жұму қаупін екі есеге арттыратын фактор анықталғанын жазған едік.

Одан бөлек, бұрындары ешкім білмей келген адамның жаңа ағзасы табылғанын жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1880867-galymdar-koronavirusty-tolyktaj-zoatyn-tazalyk-kralyn-tapty/