Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ғалымдар сәтті неке үшін нағыз қолайлы жасты атады

Опубликовано:

Жас жұбайлар
Көрнекі фото: dysha.info

Америкалық әлеуметтанушылар сәтті неке үшін нағыз қолайлы жасты анықтады деп хабарлайды Lenta.ru.

Мамандар пікірінше, некеге 28-32 жас аралығында тұрған дұрыс. Бұл жаста жұбайлар ажырасу туралы ойламайды. Себебі, серіктестер отбасылық өмірден не қалайтынын біледі және күнделікті міндеттерге жеткілікті энергияға ие болады.

Одан бөлек, 30 жасқа таяған жандар қаржы жоспарында тұрақты және жалғыздықтың рахатын сезініп үлгерген, бала тәрбиесіне қатысты да білімі бар.

Ал ерте жаста отау құру жұбайларды қыруар қаражат тауып, балаларды ертерек өсіруге, ал 30 жастан кейін уақытын өзі мен жұбайына арнауға құлшынысын арттыруы мүмкін.

Айта кетейік, осыған дейін тұрмыс құратынымен мақтанбақ болған арудың неке жүзігін иті жұтып қойғанын жазған едік.

Reddit қолданушысы жақын арада тұрмысқа шығатынымен мақтанғысы келіп, итінің көмегіне жүгінбек болған. Ол итінің тұмсығының үстіне неке жүзігін қойып, видеоға түсіре бастайды. Ит қожайыны осылайша тамақтандырып жатыр деп ойлаған болуы керек.

Ол дереу тұмсығындағы жүзікті жұтып қояды. Итінен мұндай әрекетті мүлде күтпеген ару камерасын тастай сала, итіне қарай жүгіреді. Видео желіде көпшіліктің көңілін көтеріп, қызу пікірталас тудырған.

Бірі иттің бұл жайттан кейінгі жағдайына алаңдаса, енді бірі қымбат жүзіктің жағдайына алаңдаушылық білдірген. Оқиғаның немен аяқталғаны әзірге белгісіз.

Сонымен қатар Ұлыбританияның Хастингс қаласынан шыққан мұғалім бейтаныс ер адамға тұрмысқа шығуға келісімін берген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1881100-galymdar-stti-neke-sin-nagyz-kolajly-zasty-atady/

pixel