Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қатты дыбыстан зәре-құты қалмаған Зеленскийдің видеосы желіге тарап кетті

Опубликовано:

Зеленский
Скриншот: Политика страны

Әлеуметтік желі қолданушылары арасында Украина президенті Владимир Зеленскийдің қатты дыбыстан шошыған сәтінің видеосы тарады деп жазады newsone.ua.

Украина басшысы Владимир Зеленский Мариупольдегі мұз орталығының стадионы ашылғаннан кейін болған жиын барысында қатты шуылдан қорқамын деп ыңғайсыз жағдайда қалды.

Тиісті видеоны Country Politics телеграм каналы 22 қазан күні жария еткен

Зеленский жиналғандармен сөйлесіп отырған сәтте кенеттен аренадан шулы дыбыс шығады. Орнынан селк ете түскен Зеленский бұл жайтты барынша әзілге айналдыруға тырысқан.

Бір қызығы Зеленскийден бөлек залда жиналғандардың ешбірі қатты дыбыстан мұнша шошымағаны байқалады.

"Бәрі жақсы. Барлығы - спортшылар, жүректері мықты, ешкім қашып кетпеді", - деп әзілдеді мемлекет басшысы.

Соңында президент әкімшіліктен бұл дыбысты енді қоспауды өтінген.

Еске салсақ, бұған дейін біз Украинаның Черкассы қаласының мэрі Зеленскийді сотқа бергенін жазған едік. Анатолий Бондаренко Киевтің Печерск аудандық сотына өзін қарақшы деп атағаны үшін Украина президенті Владимир Зеленскийдің үстінен арыз түсірген.

Одан бөлек, Украина президенті Владимир Зеленский Қырымның байырғы халық өкілдерімен кездесіп, алдағы уақытта мұсылмандар үшін екі маңызды мерекеге мемлекеттік мәртебе беруге ниетті екенін жеткізгенін жазған болатынбыз.

Ол, сондай-ақ қырым татарларының мәселесі бойынша жұмыс тобын құру мәселесін көтерген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1881152-katty-dybystan-zre-kty-kalmagan-zelenskijdi-videosy-zelige-tarap-ketti-video/

pixel