Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ғалымдар: Төсек қатынасы кезінде смартфонға телміретіндер көбейген

Опубликовано:

Төсек қатынасы
Көрнекі сурет: GettyImages

АҚШ-тағы Вирджиния университетінің ғалымдары адамдардың смартфондарды жыныстық қатынас кезінде де жиі қолдана бастағанын анықтап, оның зияны туралы ескертті деп жазады golos.ua.

Бақылаулар мен сауалнамалар көрсеткендей, адам орташа есеппен гаджеттерге күніне екі сағат немесе одан да көп уақыт жұмсайды. Респонденттердің 95% -ы смартфонсыз тіршілік ете алмайтындығын растады, тағы 70% -ы оны, тіпті жұмыс уақытында қолданады екен.

Сонымен қатар, әрбір оныншы адам жыныстық қатынас кезінде де мобильді құрылғыға үңілетіні анықталған. Еріктілерге гаджетті пайдалануға рұқсат берілмегенде, олар қатты қобалжыған.

Төсек қатынасында ұялы телефонға телміру жеке өмірге кері әсер ететінін ескерткен ғалымдар, смартфонға тәуелділіктен арылуға кеңес берді.

Еске салсақ, бұған дейін Ұлыбритания ғалымдары зерттеу жүргізе келе тұрақты түрде жыныстық қатынасқа түсетіндер 15 жылға жас көрінетінін анықтаған болатын.

Одан бөлек, АҚШ дәрігерлері коронавирус дерті ер адамның әуретті жерін зақымдауы мүмкін деген болжам жасаған еді.

Сонымен қатар, АҚШ ғалымдары мінсіз төсек қатынасының қанша уақытқа созылуы керектігін анықтаған болатын.

Ал канадалық бас дәрігер коронавирус індетін жұқтырмау үшін төсек қатынасы кезінде бетперде тағуды ұсынған. Басапсөз жиынын ұйымдастырған дәрігер коронавирус індеті кезіндегі төсек қатынасына қатысты бірқатар кеңесін ортаға салды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1881419-galymdar-tsek-katynasy-kezinde-smartfonga-telmiretinder-kbejgen/