Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Коронавируспен күресте бетпердені қандай матадан тіккен тиімді

Опубликовано:

Мата
Көрнекі сурет: pixabay.com

Канадалық ғалымдар коронавируспен күресте бетпердені қандай матадан тіккен тиімді екенін анықтады деп жазады profile.ru.

Канадалық ғалымдар коронавирус қай матаның бетінде бір күннен артық тіршілік ете алмайтынын анықтады. Басқа елдердің, соның ішінде Ресейдің мамандары зерттеушілердің тұжырымдарымен келісіп отыр.

Атап айтқанда, ғалымдар мақта матасынан жасалған маскалар коронавирустық инфекцияны тарататын респираторлық тамшыларды ұстау үшін ең жақсы бетперде болып табылатынын анықтаған деп жазады Medic Forum басылымы.

Ресейлік мамандар түсіндіргендей, мақтадан жасалған мата ұзақ уақыт кебеді, ал COVID-19 ылғалдан қорқады екен. Сол себепті зерттеушілер мақтадан жасалған бетперделерді коронавирустан қорғану үшін тағып жүруге кеңес беруде.

Еске салсақ, бұған дейін АҚШ ғалымдары коронавирустың екінші толқыны қашан басталатынын болжағанын жазған едік. Сарапшылардың пікірінше, аурудың қайта өршуі бірден бірнеше фактормен байланысты болады.

Біріншіден, суық мезгіл адамдарды желдетуі нашар жабық бөлмелерде көбірек уақыт өткізуге мәжбүр етеді. Одан бөлек, зерттеушілер коронавирустың таралуына қолайлы жағдай туғызатын құрғақ ауаны, суықты және күн сәулесінің жетіспеушілігін сөз етуде.

Сонымен қатар АҚШ тұрғыны Аллен Пэн коронавирус індетіне қарсы бетперде тақпайтын тұрғындар үшін арнайы қару ойлап тапқанын хабарлаған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1881613-koronaviruspen-kreste-betperdeni-kandaj-matadan-tikken-tiimdi/

pixel