RU

Сиырды құшақтау: Күйзеліспен күресудің ерекше жолы пайда болды

Сиыр
Фото: likein.ua

Нидерланд елінің тұрғындары күйзелістен арылу үшін сиырды құшақтауды ұсынды деп жазады likein.ua сайты.

Koe knuffelen (сиырдың құшағы) деп аталатын күйзеліспен күресудің жаңа әдісі Нидерланд елінде ғана емес, бүкіл әлемде ерешке сұранысқа ие болып келеді.

Бұл әдісті ұсынғандар жануарлармен құшақтасу күйзелісті айзататынына, сонымен қатар әлеуметтік өзара әрекеттесу кезінде бөлінетін окситоцин гормонының түзілуіне ықпал ететініне сендіруде. Ірі қарамен құшақтасу жақсы эмоция сыйлайды дейді олар.

Айта кетерлігі, Koe knuffelen әдісі елдің ауылдық жерлерінде 10 жылдан астам уақыт бұрын пайда болған. Уақыт өте келе ол адамдарды табиғатқа және ауыл өміріне жақындатуға бағытталған голландиялық қозғалыстың бір бөлігіне айналды.

Ал бүгінде Роттердамдағы, Швейцариядағы және тіпті АҚШ-тағы шаруа қожалықтары сиырларды құшақтау сабақтарын ұсынып, бұл әдісті белсенді түрде насихаттап жүр.

Құшақтау жануарларға да жағымды болуы мүмкін. Applied Animal Behavior Science журналындағы 2007 жылғы зерттеуге сәйкес, сиырлар мойнына және арқасына массаж жасаған кезде құлақтарын созып, релаксация белгілерін көрсететіні анықталған.

Еске салсақ, бұған дейін біз Германияда "ең сұлу" сиыр анықталғанын жазған болатынбыз.

Одан бөлек, полицейлерді тырқырата қуалаған сиырлар желіде жұлдыз болғанын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1881874-siyrdy-ksaktau-kjzelispen-kresudi-erekse-zoly-pajda-boldy/