Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мотоциклші ғашығына әсерлі ұсыныс жасау үшін жол апатына ұшыраған кейіп танытты (видео)

Опубликовано:

Ұсыныс сәті
Скриншот: Daily Mail

Мотоцикл жүргізушісі мотокросс кезінде көрермендердің көзінше сүйіктісіне ұсыныс жасау үшін жол апатына ұшыраған кейіп танытты деп жазады vinegred.ru.

АҚШ-тың Флорида штатындағы Майами қаласында тұратын 30 жастағы Джереми Дерст (Jeremy Durst) мотоцикл жарысына алғаш рет жазылып, онда 30 жастағы сүйіктісі Сара Фрэнкке үйлену туралы ұсыныс жасайды.

Видеодан Пенсильвания штатындағы Гаррисберг қаласында өткен Motorama байқауында мотоциклдегі жігіттің қоршауға соғылып, құлағаны байқалады.

Жігітінің құлап жатқанын көрген ғашығы оған қарай жүгіріп, көмекке асығады. Сүйіктісі жарақат алды деп алаңдаған ару ұсыныс жасалатынын мүлде күтпеген.

Джереми қолына сақина мен микрофон алып, оған ұсыныс жасайды. Сара алдымен қуана бас изеп, содан кейін ұсынысқа келісімін береді.

"Ұсыныс жасайды деп күтпеген елім. Оны расымен құлап қалды деп ойладым", - дейді ол.

Еске салсақ, бұған дейін біз тұрмыс құратынымен мақтанбақ болған арудың неке жүзігін иті жұтып қойғанын жазған едік.

Одан бөлек, Ресейде сүйіктісінің ұрысынан мезі болған жігіт оны қоқыс жәшігіне лақтыра салғанын жазған болатынбыз. Ұрыс-керіс көлік тұрағы мен қоқыс салынатын жәшіктер маңында болған. Жанжалға не себеп болғаны және оқиғаның немен аяқталғаны әзірге белгісіз. Десе де бұл жайт желіде қызу пікірталас тудырған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1882053-motociklsi-gasygyna-serli-synys-zasau-sin-zol-apatyna-syragan-kejip-tanytty-video/

pixel