RU

Ата-аналар чатындағы жанжалдан соң бір адам қайтыс болды

жедел жәрдем
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Волгоград тұрғынын ата-аналар чатындағы жанжалдан кейін ұрып өлтіріп кетті деп хабарлайды РИА Новости.

23 қазан, жұма күні жергілікті уақыт бойынша сағат 18:40 шамасында полицияға белгісіз азамат қаланың орталық ауданындағы банкке келушіні бірнеше рет ұрғаны туралы хабарлама келіп түскен. Олардың арасында жанжал туындаған екен.

"Нұсқалардың бірінше , азаматтың әпкесі жәбірленушімен мәселе шешуді сұрайды. Ол ата-аналар чатында өзіне қарсы балғат сөздер айтты деп сендіреді",- дейді ведомствода.

Полиция шабуыл жасаған 30 жастағы азаматты ұстады. Оған қатысты денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіргені үшін қылмыстық іс қозғалды. Сот қамауда ұстау жөніндегі бұлтартпау шарасын қабылдады.

Ал жәбірленуші ауруханаға жеткізілді. Облыстық денсаулық сақтау комитетінің ақпарынша, ол отадан соң комаға түскен.

"Бүгін, 1 қараша күні жәбірленуші есін жимастан қайтыс болды", -деді ведомствода.

Айта кетейік, Американың Теннесси штаты Нашвилл қаласының полицейлері үйден үй иесін көшіруге келіп, оның мәйітін көрген. Балалары екі жыл бойы марқұмның денесіне тиіспепті.

Джоллидің дене қалдықтары сараптамаға жіберілді. Оның өліміне не себеп болғаны әзірге жұмбақ. Бірақ, келіншекті азаптап өлтірді дегенге ешқандай дәйек жоқ.

Төрт бала да уақытша қонақүйге жатқызылды. Әлеуметтік қызметкерлер оларға қамқоршы іздеп жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1882821-ata-analar-catyndagy-zanzaldan-so-bir-adam-kajtys-boldy/