Сиқырлы шам сатып алғанына сенген тұрғын әккі алаяқтарға 40 мың доллар санап берген
Жарияланған күні:
Үндістанда дәрігер Алладиннің сиқырлы шамын дені сау және бай болу үшін 40 мың долларға сатып алмақ болып, алаяқтарға алданып қалды деп жазады жергілікті NDTV басылымы.
Мератх қаласының дәрігері "Алладин шамын" 40 000 долларға сатқан алаяқтар туралы полицияға шағым түсірген. Дәрігерді шамның сиқырлы екеніне сендіру үшін алаяқтардың бірі оған жын кейпінде келген.
Жәбірленуші сиқырлы шамды сатушылармен өз емханасында танысқан екен. Алаяқтар дәрігерге анасын емдетуге келіпті. Дәрігермен әңгімелесу барысында алаяқтар сиқырлы шамның байлық пен денсаулық әкелетініне ақ халаттыны әбден сендірген.
Ойын жүзеге асыру үшін алаяқтар дәрігерді жалған гурумен таныстырады. Гуру рухтармен қалай сөйлесу керектігін білетінін алға тартып, сеанстардың бірінде жынды шақырған. Дәрігерді алдау жоспары бір айға созылған.
Сол уақыт аралығында олар ақ халаттыдан сиқырлы шам үшін 200 мың доллар алуы тиіс болыпты. Алайда ойлары соңына дейін жүзеге аспай, 40 мың долларды қанағат тұтып, ізін суытқан.
Көп ұзамай полицейлер екі алаяқты ұстап, қамауға алды. Олар әккі алаяқтардың осылайша көптеген отбасыларды алдаған болуы мүмкін екендігінен күдіктенеді. Қылмыстық топтың тағы бір мүшесі қашып үлгерген.
Еске салсақ, бұған дейін Алматы облысында тірі қызын өлдіге санап, ақша сұраған ананың әрекеті әшкере болғанын жазған едік.
Одан бөлек, үш күн бойы дала кезген мысық қожайынын қарызға батырғанын жазған болатынбыз.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1883015-sikyrly-sam-satyp-alganyna-sengen-trgyn-kki-alaaktarga-40-my-dollar-sanap-bergen/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.