Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алаңғасар азамат қателесіп, 26 мың долларын қоқыс жәшігіне лақтырып жіберген

Опубликовано:

Ер адам
Көрнекі сурет: pixabay.com

Кувейтте жүрген мысырлық азамат 26 мың долларын жаңылысып, қоқыс жәшігіне лақтыра салған деп жазады golos.ua.

Ол сегіз мың кувейт динары салынған сөмкені (26 мың доллардан сәл асатын сома) қоқыс жәшігіне лақтырғанын бірден ұқпаған.

Ер адам банктен ақшаны алып, полиэтилен пакетке салады. Кейін қоқыс лақтыруға шыққанда, пакеттерді шатастырып, қоқыс жәшігіне ішінде 26 мың доллар бар дорбаны лақтырып жіберіпті.

Үйіне келгенде ақшаны таппаған ол бірден қоқыс салатын контейнерлерге жүгіреді. Өкінішке қарай, қоқыс жәшігіндегі қалдықтардың бәрі полигонға жіберіліп қойған екен.

Ер адам полиция бөлімшесіне барып, қаражатынан айырылып қалғаны туралы арыз жазады. Ол арызына банктегі есепшоттан ақша алу туралы чек көшірмесін қоса тіркеген. Тұрғынның арызындағы мәліметтердің рас-өтірігі тексеріліп жатыр.

Еске салсақ, бұған дейін сиқырлы шам сатып алғанына сенген тұрғын әккі алаяқтарға 40 мың доллар санап бергенін жазған едік. Үндістан тұрғынын шамның сиқырлы екеніне сендіру үшін алаяқтардың бірі оған жын кейпінде келген.

Одан бөлек, Қытайдағы Чунцин қаласының көшелерінің бірінде аспаннан ақша жауғанын жазған болатынбыз. Қарша жауған қаражатқа мәз болған тұрғындар дереу қалталарын толтырған.

Белгілі болғандай, қаражатты зәулім үйдің 30-қабатында тұратын ер адам шашқан екен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1883342-alagasar-azamat-katelesip-26-my-dollaryn-kokys-zsigine-laktyryp-ziberdi/

pixel