Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ұстазының көзін ала бере билей жөнелген оқушы жұрттың көңілін көтерді

Опубликовано:

Оқушы
Фото: People's Daily China

Қытай мектептерінің бірінде ұстазынан жасырынып билеп жүрген оқушы желі жұлдызына айналды деп жазады People's Daily.

Қытайдың Хубэй провинциясы Сяогань қалалық округінде орналасқан мектептердің бірінде түсірілген видео желі қолданушыларының көңілін көтерді.

Видеода оқушының еден жуып жүріп билегені байқалады. Әзілқой баланың ұстазының көзін ала бере билеуге көшкені жұрттың қызу талқысына түскен.

Көпшілік уақытын көңілді өткізе білетін оқушыға мақтауларын жаудырып, оның биіне тәнті болғандарын жасырмаған.

Ал оқушының өзі болса, жасырын билегені видео арқылы жалпақ жұртқа жария болатынын мүлде күтпеген болуы керек.

Бейнекамераға түсіп тұрғанын мүлде байқамаған ол еден жуудың орнына би билеуді қызығырақ деп тапқан.

Еске салсақ, бұған дейін АҚШ-тың Джорджия штатында 21 жастағы үйі жоқ келіншек жұмысқа тұрған кезде қатты қуанғаны соншалық, шаттықтан билеп жібергенін жазған едік.

Бұл сәт бейнакамераға жазылып қалып, бойжеткен желіде жұлдыз болған

Сонымен қатар ұшақтың ішінде би билеген бортсерік желі қолданушыларының көңілін көтергенін жазған болатынбыз.

Брианна Бернетт есімді стюардесса билеген сәтін өзінің желідегі парақшасында жариялаған. Видеоны көрген желі қолданушылары бортсеріктің биін жоғары бағалап, оның шын мәнінде батыл екенін алға тартқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1883876-stazyny-kzin-ala-bere-bilej-znelgen-okusy-zrtty-kilin-kterdi/

pixel