Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Марқұмның күлі салынған әшекеймен жаңажылдық шыршаны әрлеу сәнге айналуда

Опубликовано:

Әшекей
Фото: 120.su

Ұлыбританияда жаңа жылды тағатсыздана күтіп жүрген кей жұрт шыршаға марқұм болған жақынының күлі салынған әшекейлер әзірлеуге кіріскен деп жазады 120.su.

Қараша айы ортасына жетіп, жаңа жыл уақыты жақындаған сайын атаулы күнге дайындық бастап кеткендердің саны артуда.

Ұлыбританияның "B&M" дүкеніне бас сұққан тұрғындар ол жерден ерекше шырша әшекейін байқап қалады.

Жүрек пішіндес әшекейдің іші қуыс болып келетіндіктен, оған кез келген кішігірім зат салып қоюға болады екен.

Мұндай ерекше әшекейді ұнатқан жергілікті тұрғындар қайтыс болған жақындарының күлін әшекейдің ішіне салып қоюды ұйғарыпты. Осылайша олар, өмірден өткен ең қымбат жандарымен жаңа жылды бірге қарсы алудың тәсілін ойлап тапқан.

Әшекейдің осындай мақсатта ойлап табылған-табылмағаны әзірге белгісіз. Десе де оны марқұмның күліне құты ретінде пайдалану желі қолданушыларының бір бөлігіне ұнаған көрінеді.

Еске салсақ, бұған дейін біз "кеселге толы 2020 жылдан" әбден мезі болған жұрт келесі жылды күтіп алуға дайындықты қазірден бастап кеткенін жазған едік. Ұлыбританиялық таблоидтың жазуынша, көпшілік 2020 жылды ең жақсы жыл емес деп санайды және тұрғындардың дені бұл жылмен қош айтысатын күнді асыға күтіп жүрген көрінеді.

Одан бөлек, коронавирус кезінде әлем елдері үйлену тойын қалай өткізіп жатқанын жазған болатынбыз. Тойдың суреттері ел назарына ұсынылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1883886-markmny-kli-salyngan-sekejmen-zaazyldyk-syrsany-rleu-snge-ajnaluda/

pixel