Коронавирус емес: 2020 жылы ең жиі қолданылған сөз қандай

Опубликовано:

Коронавирус
Көрнекі фото: pixabay.com

2020 жылы ең жиі қолданылған сөз - коронавирус емес, карантин (Lockdown, локдаун) сөзі болып шықты. Мұндай тоқтамға Collins English Dictionary ағылшын сөздіктерін құрастырушылар келген деп жазады Sputnik Қазақстан.

Мамандар "карантин" (локдаун) сөзін жыл сөзі ретінде анықтап, одан бөлек ең жиі пайданылған сөздердің қысқаша тізімін назарға ұсынды.

Карантин сөзінен өзге, пандемия сөзі де 2020 жылдың сөздері қатарына жатқызылған. Бұл таңқаларлық емес, себебі коронавирус адамның өмірін өзгерткені соншалық, оның тілге де әсер етуі заңды жағдай болып отыр деп атап өтті сарапшылар.

Сондай-ақ, "коронавирус" сөзі 2020 жылдың негізгі сөздерінің тізімінде бар. Бір жыл ішінде ол бұрынғыдан 35 мың есе жиі қолданыла бастады. Коронавирус 2020 жылы адамдардың өміріне қатты әсер етті, бірақ оның салдарлары одан да үлкен сынақ болды, дейді филологтар.

Сөздікті құрастырушылардың бірі бастапқыда "локдаун" (құлыптау) сөзі түрме лексикасының бөлігі болғанын еске түсірді. Бұл тұтқындарды қатаң оқшаулаудың атауы болған, оның көмегімен түрме әкімшілігі ықтимал көтерілістерді тоқтатуға тырысқан. 2020 жылы сөздің мағынасы өзгерді - қазір көпшілік оны денсаулық сақтау саласымен байланыстырады.

Collins English Dictionary ұсынған "Құлыптау жылы" деп аталатын мақалада "әлеуметтік қашықтық", "өзін өзі оқшаулау", "мәжбүрлі ақылы еңбек демалысы" сынды ұғымдар да сөз етілген.

Жылдың ең жиі қолданылған сөздері қатарында коронавирусқа қатысы жоқ сөздер де табылған. Мәселен: Megxit (Ұлыбритания ханзадасы Гарри мен оның әйелі Меган Марклдің патшалық қызметтен кетуі), тиктокер (TikTok-қа видео түсіретін адам), mukbang (адамның артық мөлшерде тамақ жеу сәтінен түсірілген видео) және BLM (Black Lives Matter қозғалысы).

Еске салсақ, бұған дейін біз Шығыс Қазақстан облысында шектеу шаралары 25 қарашаға дейін ұзартылғанын жазған едік.

Одан бөлек, Медеу мен Шымбұлақтың ашылатын уақыты белгілі болғанын жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1884016-koronavirus-emes-2020-zyly-e-zii-koldanylgan-sz-kandaj/