RU

Ғалымдар коронавируспен күресуге көмектесетін жануарды анықтады

Коронавирус
Көрнекі сурет: pixabay.com

Америка Құрама Штаттарындағы Питтсбург Университетінің Медицина мектебінің мамандары коронавирусқа қарсы күресте күшті антидене болып табылатын заттарды ламалардың ағазсынан тапты деп жазады РИА Новости.

Зерттеу барысында лама ағзасының SARS-CoV-2 вирусына қалай жауап қататыны сараланған. Ғалымдар вирус лама ағзасына енгізілгеннен кейін екі айда оның иммундық жүйесі SARS-CoV-2-ге қарсы жетілген наноденелер шығара бастағанын байқайды.

Бұдан әрі ғалымдар SARS-CoV-2-мен ең күшті байланысатын наноденелерді анықтады. Олар ламаның басқа антиденелеріне қарағанда коронавируспен күресуде тиімдірек болып шыққан.

Лама
Фото: pixabay.com

"Наноденелер" деп аталатын ламаның антиденелері адамның антиденелерінен айтарлықтай кішкентай болғанымен, коронавирустың бетін қайтаруда әлдеқайда мықтырақ екені дәлелденген. Сонымен қатар, олар тұрақтылығымен ерекшеленеді. Ғалымдар болашақта оларды COVID-19 жұқтырға науқастарды емдеуге арналған дәрі-дәрмектер жасау үшін қолдануға болатынын айтуда.

Еске салсақ, бұған дейін біз Қазақстанда маскалардың бағасы қайта қымбаттауы мүмкін екенін жазған едік.

Одан бөлек, коронавирус дерті өршіп кеткен Нұр-Сұлтан қаласы "сары аймаққа" енгенін хабарлағанбыз. Бағаның құбылуына қорғаныш құралын әзірлеуге қажетті импорттық шикізаттың құны тікелей әсер етеді.

Сонымен қатар, Шығыс Қазақстан облысында шектеу шаралары 25 қарашаға дейін ұзартылғанын жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1884098-galymdar-koronaviruspen-kresuge-kmektesetin-zanuardy-anyktady/