RU

80 жастағы кейуана 35 жастағы арабқа тұрмысқа шығып, ислам дінін қабылдады

Жұп
Фото: toneto.net

80 жастағы ұлыбританиялық әйел 35 жастағы араб азаматына тұрмысқа шығып, ислам дінін қабылдады деп жазады toneto.net.

Англияның Соммерсет графтығында тұратын Айрис Джонс (Iris Jones) Мысырдан келген сүйіктісі Ахмед Ибрихаммен (Mohamed Ahmed Ibriham) бірге "Бүгінгі таң" телешоуына қатысып, жеке өмірі туралы баяндағаннан кейін бүкіл Ұлыбританияға танымал болды деп жазады Daily Mail.

Олар 2019 жылы Facebook арқылы танысып, кейуана Каирдегі ғашығына жол тартады. Эфирде олар жеке өмірі туралы ағынан жарылып, бақытты екендерін сөз еткен.

Оғаш жұптың Мысырда некесін қидырғаны белгілі болды. Сүйіктісі үшін британиялық әйел ислам дінін қабылдапты. Күйеуі олардың некесі шынайы махаббатпен қиылғанын алға тартты.

"Мен оның азаматтығын немесе оның ақшасын қаламаймын. Мен өз өміріме ризамын, жұмыс істеймін және Аллаға шүкір, менің жеке жинағым бар", - деді Ибрихам.

Ол махаббат "соқыр" екенін және оның ғашығы анасынан 20 жас үлкен болғаны оған еш әсер етпейтінін айтуда.

Айрис Каирге келгеннен кейін мысырлық азамат сүйіктісіне көбірек уақыт бөлу үшін жұмысын тастайды. Әр апта сайын мүгедектік бойынша 200 фунт стерлинг (20 мың рубль) зейнетақы алатын Айрис 40 жыл бұрын алғашқы күйеуінен ажырасып кеткені белгілі болды.

Еске салсақ, бұған дейін біз Бразилияда қалыңдығы тастап кеткен азамат өзіне өзі үйленіп, 28 млн теңгеге той өткізгенін жазған едік.

Одан бөлек, АҚШ-та динозавр кейпінде некесін қидырған жас жұбайлар жұртты таңырқатқанын жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1884530-80-zastagy-kejuana-35-zastagy-arabka-trmyska-sygyp-islam-dinin-kabyldady/