87 жастағы кейуана айлакерлігінің арқасында ажалдан құтылып кетті

Опубликовано:

Зейнеткер
Скриншот: People's Daily

Қытайда суға батуға шақ қалған кейуана айлакерлігінің арқасында аман қалды деп жазады People's Daily.

Қытайдың Хунань провинциясында тұратын 87 жастағы зейнеткердің суға қалай тап болғаны белгісіз. Десе де суда батып кетпеу үшін барынша су бетінде тыныш қалқып жатуға тырысқан кейуана бір ажалдан аман қалған.

Осылайша күшін үнемдеп, құтқарушылардың келуіне дейін уақыт ұтқан кейуана айлакерлігімен көпшілікті таңырқатты.

Құтқарушылар оны судан алып шығып, емханаға жеткізді. Бүгінде ол дәрігерлердің қарауында. Бұл жайттың видеосы желіде тарап, жұрттың қызу талқысына түскен.

Олар кейуана суда қалқып жатпай, жүзуге күш жұмсаған жағдайда аман қалуы екіталай болғанын айтуда.

Еске салсақ, бұған дейін біз Колумбияда балықшы екі жыл бұрын жоғалған әйелді су бетінде қалқыған күйінде тауып алғанын жазған едік. Теңіз бетінде ес-түссіз күйде табылған 46 жастағы Анжелика Гайтан (Angelica Gaitan) Роландо Висбал (Rolando Visbal) есімді балықшының зәресін әбден ұшырған.

Одан бөлек, Индонезияда үш күн бойы мұхитта қалқыған балықшы табылғанын жазған едік. Ол жәшік ішінде отырғанның арқасында аман қалған екен. Іздеу тобы оны мұхиттың ортасынан байқап қалғанда, ер адам мұз салатын жәшікке жармасып, барынша ұсталып тұруға тырысыпты. Үш тәулік сусыз, ассыз болған азамат әбден әлсіреген екен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1884542-87-zastagy-kejuana-ajlakerligini-arkasynda-azaldan-ktylyp-ketti/