Әлемдегі ең танымал смартфон анықталды
Опубликовано:

Canalys компаниясының сарапшылары жасаған зерттеуден әлемдегі ең танымал смартфон белгілі болды деп хабарлайды "Хабар 24" арнасы.
Canalys компаниясының сарапшылары нарықты зерттеп, ең көп сатылған гаджеттердің тізімін жасады.
Анықталғандай нарықта ең көп сатылған құрылғы өткен жылы шыққан iPhone 11 екен.
2020 жылдың үшінші тоқсанының өзінде бұл гаджеттің 16 млн данасы сатылған.
Сонымен қатар Apple компаниясының былтыр шыққан iPhone SE 2020 смартфоны да сатылым жағынан көш бастаған.
2020 жылдың үшінші тоқсанында бұл смартфонның 10 млн данасы сатылған.
Ал үшінші орынға сатылымы 10 млн-ға жетпей қалған Samsung Galaxy A21s жайғасты. Қалған жеті орынды Samsung пен Xiaomi құрылғылары өзара бөліскен.
Қазан айында сарапшылар 2020 жылдың үшінші тоқсанындағы әлемдік нарық туралы есеп жасаған. Соған сәйкес Xiaomi компаниясы жалпы сатылым жағынан Apple-ді артқа қалдырған.
Еске салсақ, бұған дейін Apple компаниясы өзінің онлайн презентациясы кезінде көпшілікке жаңа iPhone 12 смартфонын таныстырған еді.
Жаңа смартфонға бесінші буын желілерін (5G) қолдайтын жаңа Apple A14 чипі салынған. Чиптің екі қуатты ядросы және қарапайым тапсырмалар үшін тағы төртеуі, графикалық жүйенің төрт ядросы бар. Гаджеттің артқы жағында әрқайсысында 12 мегапиксельді қос камера бар. Алдыңғы модельдерден айырмашылығы – жаңа iPhone-да телеобъектив жоқ.
Сондай-ақ ресейлік маман телефонмен сөйлескенде жаңғырық шығуының бірнеше себебі барын айтқан болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1884608-lemdegi-e-tanymal-smartfon-anyktaldy/