RU

Ғалымдар қай халықтың коронавирусқа көп жылдан бері бейім екенін айтты

Көрнекі
Көрнекі фото: pexels.com

COVID-19-ды жан-жақты зерттеп жүрген ғалымдар қай халықтың коронавирусқа көп жылдан бері бейім екенін айтып, зерттеу қорытындысын ұсынды.

РИА Новости басылымы таратқан ақпаратқа сәйкес, әлемнің түрлі халқының протеомаларын зерттейтін Австралия мен АҚШ ғалымдары Шығыс Азия тұрғындарынан коронавирусқа тән ақуыздарды тапқан.

Айта кетейік, протеом – жасуша, тін немесе организм белгілі бір уақыт аралығында шығаратын ағза ақуызының жиынтығы.

Ақуыз ұрпағын есептеу әдісін қолдана отырып мамандар аймақ тұрғындарының коронавирус инфекциясына бейімделуі 25 мың жыл бұрын басталған деген қорытындыға келді. Зерттеу нәтижелері biorxiv серверінде жарық көргені белгілі болды.

Әр адам популяциясындағы ақуыз құрамы өзгеріп отырады. Өйткені ақуыз оргазимге түсетін вирустармен әрекетке түседі, әр вирустық эпидемиядан кейін популяцияның протеомасында белгілі бір патогенге тән ақуыздар сақталады.

Аделаида университетінің (Австралия), Австралия ұлттық университетінің және Аризона университетінің (АҚШ) зерттеушілері 26 түрлі адам популяциясының протеомаларын зерттеп, коронавируспен (CoV-VIP) тығыз әрекеттесетін ақуыздарды алған.

Олардың пікірінше, кейінгі 20 жылда коронавирус штамдары үш ірі ауруды тудырған:

  • 2002 жылы Қытайдағы ауыр SARS жедел респираторлық синдромы;
  • 2013 жылы Сауд Арабиясындағы Таяу Шығыстағы MERS респираторлық синдромы;
  • Қазіргі Covid-19 пандемиясы.

Сонымен қатар, мамандар Шығыс Азия тұрғындарынан коронавирустарға тән 42 CoV-VIP-тің бірегей жиынтығын тапқан. Олардың осы патогендер тобына жататын басқа ақуыздарға қарағанда үш есе белсенді екені белгілі болды.

Ғалымдар ең көне CoV-VIP жасынан бері 900 ұрпақ өтті деп санайды. Яғни, ақуыз құрамында коронавирусқа бейімделу реакциясы аймақ тұрғындары арасында алғаш рет шамамен 25 мың жыл бұрын пайда болған. Кейіннен бірнеше рет жаңартылған, дейді зерттеушілер.

Олардың пайымдауынша, планетаның осы бөлігіндегі коронавирус инфекциясы 25-5 мың жыл бұрын жүйелі түрде болып тұрған. Соның нәтижесінде халықтар белгілі бір тұқым қуалайтын иммунитетті қалыптастырды.

"Біздің нәтиже медициналық зерттеулердің стандартты хаттамаларына эволюциялық геномдық тәсілдерді енгізу қажет екенін көрсетіп отыр. Ежелгі патогендік жаудың "тұлғасын" ашу ғалымдардың болашақта індетті болжау және алдын алу қабілетін арттырады", – дейді зерттеушілер.

Ғалымдар жаңа коронавирус инфекциясына қатысты анықталған популяциялық айырмашылықтар дұрыс эпидемиологиялық стратегияны қалыптастыруға көмектеседі деп үміттеніп отыр. Сонымен қатар, вакциналардың таралуын бағыттауға және емдеуді түзетуге септігін тигізетіне сенеді.

Еске салсақ, бұған дейін ресейлік вирусолог Алексей Аграновский көк шай мен табиғи шырындар коронавирусты емдей ме деген сауалға жауап бергенін жазған едік.

Одан бөлек, мемлекеттің миллиардтаған қаржысына алынған ИВЛ аппараттары істемей тұрғанын жазған болатынбыз.

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1885690-galymdar-kaj-halykty-koronaviruska-kp-zyldan-beri-bejim-ekenin-ajtty/