Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ҰҚШҰ-ның Әскери комитеті ынтымақтастық мәселелерін қарады

Опубликовано:

ҰҚШҰ-ның Әскери комитеті
Фото: Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі

Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы Әскери комитетінің кезекті отырысы бейне конференция байланысы режимінде өтті.

Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының жауапкершілік аумағында әскери қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөнінде пікір алмасып, өткен бес жылдық кезеңнің қорытындысы шығарылды және алдағы бес жылға ынтымақтастықтың басым бағыттары талқыланды.

ҰҚШҰ-ның Әскери комитеті
Фото: Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі

Кетер жылдың эпидемиологиялық ахуалы өңірлік халықаралық ұйымдар аясында – ҰҚШҰ Ұжымдық күштерін медициналық қамтамасыз ету қызметтерінің жаңа бағыттарын дамытуды анықтады.

Тараптар өңірлердегі ұжымдық қауіпсіздікке ұсынымдар әзірлеу арқылы әскери-саяси ахуалға мониторинг жүргізуді және талдауды жалғастыруға келісті.

ҰҚШҰ-ның Әскери комитеті
Фото: Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі

2020 жылға арналған басқару органдары және ұжымдық қауіпсіздік жүйесінің күштері мен құралдарының бірлескен даярлық жоспарын орындау барысы туралы ақпарат тыңдалды.

Отырыстың қорытындысы бойынша ұжымдық қауіпсіздік жүйесінің күштері мен құралдарын нығайту мен дамытуға бағытталған бірқатар келісімдерге қол жеткізілді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1885720-ks-ny-skeri-komiteti-yntymaktastyk-mselelerin-karady/

pixel