Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Зерттеушілер: Қайызғақ қатерлі аурудың жасырын белгісі болуы мүмкін

Опубликовано:

Көрнекі
Көрнекі фото: pexels.com

Ғалымдар қайызғақ Паркинсон ауруының белгісі болуы мүмкін деген тұжырым жасады. Бұл туралы Express басылымы хабарлайды.

Зерттеушілердің сөзінше, қайызғақ бір қарағанда бас терісінің тітіркенуі салдарынан болғанымен, тері ауруының қатерлі түрі болуы ықтимал. Мысалы, себорейлі дерматиттің жеңіл белгісі – қайызғақ, ал үлкен белгісі – бастың қышып, қызаруы. Кейде бас терісі суланғыш бөртпеге айналуы мүмкін, дейді олар.

Себорейлі дерматит – майбезі жұмысының бұзылуына байланысты бас не дене терісінің майланып, қабынуы болып табылады. Дерматит көбіне, гормонның бей-берекет бөлінуі мен тепе-теңдігінің бұзылуынан туындайды. Тағы бір себебі – ұзақ уақыт тестостерон мен анаболиктерді, глюкокортикостероидті ішу, егу.

Алайда ғалымдар қайызғақ пен дерматиттің арасында байланыс барын анықтағанымен, Паркинсон ауруы арасында байланысты әлі нақты таппағынын мәлім етті.

Осыған дейін Америка Құрама Штаттарының ғалымдары Паркинсон ауруының жасырын белгілерінің бірі көп терлеу екенін анықтады. Бұндай кезде адам өзімен-өзі терлей береді.

Паркинсон ауруы – орталық ми жүйесінің ақырын кемуінен пайда болған ауру. Оның негізгі белгісі – қалшыл мен діріл, бұлшық еттің епке келмеуі.

Еске салсақ, бұған дейін адамдарда тәттіге әуестік не себепті пайда болатынын хабарлаған едік.

Одан бөлек, ұзақ өмір сүру үшін күнделікті қанша уақыт ұйықтаған дұрыс екенін жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1886277-zertteusiler-kajyzgak-katerli-aurudy-zasyryn-belgisi-boluy-mmkin/

pixel