Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жұмысқа ұйықтап қалмау үшін оятқышты қалай қойған дұрыс

Жарияланған күні:

Түс
Көрнекі сурет: pixabay.com

Сомнолог дәрігер жұмысқа ұйықтап қалмай, уақытылы тұру үшін оятқыш сағатты қалай дұрыс қою керегін айтып берді деп хабарлайды ren.tv.

Дәрігер Елена Царева ең алдымен оятқышты жұмыс күнінде де, демалыс күнінде де бір уақытқа қоюға кеңес береді. Осылайша, адамда тұрақты ұйқы режимі қалыптасып, ояну жеңілдей түседі.

"Оятқыштың дабылы бір уақытқа қойылып отыруы тиіс. Егер адам түрлі уақытта оянатын болса, қалың ұйқыға кеткен сәтте оятқыштың дыбысын естімей қалуы ғажап емес. Бұған тәжірибе жүзінде көз жеткізілген", - дейді сомнолог.

Одан бөлек, Царева адамның мінез-құлқына байланысты түрлі оятқыш дыбысын қою қажеттігін алға тартты.

"Күйзеліске ұшыраған жандарға көңілді, энергияға толы музыка қою керек, ал болмашы дүниелерге алаңдай беретін адамдар, керісінше тынықтыратын әрі жайлы әуен қосқаны абзал. Себебі, таң атпастан белсенді дыбыспен оянса, ондай жандарда алаңдаушылық сезімі еселей түседі. Бұған кортизол гормоны (күйзеліс гормоны) деңгейінің құбылуы себеп", - дейді Елена.

Еске салсақ, бұған дейін Австралия ғалымдары адамдардың дені не себепті түсін есінде сақтай алмайтынын анықтаған еді.

Одан бөлек, АҚШ-тың Луизиана штаты Жаңа Орлеан қаласындағы Тулейн университетінің ғалымдары ұзақ өмір сүру үшін күнделікті ұйқыны қандырып отырудың маңызды екенін сөз еткен. Олар дұрыс ұйқы қанша уақытқа созылуы тиіс екенін де анықтай алыпты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1886395-zmyska-jyktap-kalmau-sin-oatkysty-kalaj-kojgan-drys/