RU

Коронавирустан адамның тісі түсіп қалуы мүмкін: жаңа деректер шықты

Тіс
Көрнекі сурет: pixabay.com

Коронавирус қызыл иектің ауруының асқынуына, тіпті тістің жоғалуына әкелуі мүмкін. Бұл туралы COVID-19-бен ауырған адамдардан белгілі болып отыр деп жазады ren.tv.

Коронавируспен ауырып шыққан кейбір азаматтар тістерінің өздігінен түсіп қалғанына шағымданған. Дертті жұқтырған науқастардың тағы бір тобы тістерінің сезімталдығы жоғарылап, қарайғанын немесе құрттай бастағанын байқаған деп хабарлайды The New York Times.

Басылымның жазуынша, тәуелсіз сарапшылар коронавирус науқастарда қалыптасқан стоматологиялық проблемалардың өршуіне әкелуі мүмкін екеніне сенімді отырғанын жазуда.

Ангиогенез қорының президенті Уильям Ли SARS-CoV-2 жасушалық ACE2 рецепторымен өзара әрекеттесіп, тек өкпеге ғана емес, сонымен қатар жүйкеге және эндотелийге кері әсер ететінін ескертуде. Нәтижесінде қызыл иектің қан тамырлары ауырады.

Еске салсақ, бұған дейін ғалымдар коронавируспен күресуге көмектесетін жануарды анықтағанын жазған едік. Америка Құрама Штаттарындағы Питтсбург Университетінің Медицина мектебінің мамандары коронавирусқа қарсы күресте күшті антидене болып табылатын заттарды ламалардың ағазсынан тапқан.

Одан бөлек, канадалық ғалымдар коронавируспен күресте бетпердені қандай матадан тіккен тиімді екенін анықтаған болатын. Басқа елдердің, соның ішінде Ресейдің мамандары зерттеушілердің тұжырымдарымен келісіп отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1886803-koronavirustan-adamny-tisi-tsip-kaluy-mmkin-zaa-derekter-sykty/