RU

Жүкті екенін білмеген 18 жастағы бойжеткен дәретханада босанып қалды

Нәресте
Көрнекі сурет: pixabay.com

Оңтүстік Уэльстегі Ньюпорт қаласының 18 жастағы тұрғыны күтпеген жерден емхананың дәретханасында босанып қалды деп хабарлайды news.com.au.

"Burger King" фаст-фуд мейрамханасының 18 жастағы қызметкері Дайон Сиборн бірнеше күн бойы белінің ауырғанына шағымданады. Ол жұмыс кезінде арқасын жарақаттап алғанына сенімді болып, дәрігерге қаралуды ұйғарады.

Дәрігерлер бойжеткенге диагноз қою үшін оны емханада қалдыруды ұйғарады. Емханада қонып қалған бойжеткен түнгі сағат үште іші ауырып, дәретханаға бет алады.

Дәретхана
Фото: istock

Нәтижесінде емхананың дәл дәретханасында босанып қалған бойжеткен күтпеген жерден қызды болған.

Қыз
Фото: Wales News Service/Australscope

Абырой болғанда емхана дәрігерлері дереу бойжеткеннің айқайын естіп, көмекке келген. Нәресте аман-есен дүние есігін ашып, бойжеткен оған Лилли-Мэй деген есім берді.

"Мен медбикені көмекке шақырдым, өйткені жедел жәрдем шақыру батырмасына жете алмадым, Лилли-Мэйді дәретхана унитазынан бір-ақ көрдім. Медбикелер оның денсаулығын тексреу үшін алып кетті", - дейді жас ана.
Қыз
Фото: Wales News Service/Australscope

Сиборн 18 жастағы сүйіктісі Кэллум Морриске дереу хабарласып, сүйінші хабарды жеткізген.

"Сіз оның түрін көруіңіз керек еді. Ол күлкісін тоқтата алмай, қызын жақсы көретінін және оны құшақтайтынын айтты", - деді бойжеткен.

Жас келіншек жүктіліктің ешқандай белгілерін сезінбегенін айтуда.

Қыз
Фото: Wales News Service/Australscope

"Менің етеккірім тоқтаған емес, сондықтан жүкті болуым мүмкін деген ой үш ұйықтасам да түсіме кірмеген еді. Мен өзімді жақсы сезіндім", - деді ол.

Бойжеткен алкогольді өте сирек ішетінінің арқасында баласының денсаулығына зиян келмегенін алға тартты.

Еске салсақ, бұған дейін бес сәбиді дүниеге әкелген ерлі-зайыпты үлкен үй іздеуге кіріскенін жазған едік.

Одан бөлек, анасы коронавирустан комаға түскен егіздер аман-есен дүниеге келгенін жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1886822-zkti-ekenin-bilmegen-18-zastagy-bojzetken-drethanada-bosanyp-kaldy-foto/