Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Вундеркинд бала 14 жасында университет бітірді (видео)

Опубликовано:

Агастья
Фото: twitter.com/iamnainajaiswal

Үндістанда вундеркинд бала 14 жасында университет бітірді деп хабарлайды lenta.ru.

Үндістанның Андхра-Прадеш штатындағы Хайдарабад қаласында тұратын вундеркинд бала 14 жасында университетті тәмамдады.

Агастья Джайсвал (Agastya Jaiswal) Хайдарабадтағы Осман университетін бұқаралық коммуникация және журналистика мамандығы бойынша бітірген. Ол 14 жасында жоғары оқу орнын аяқтаған алғашқы студент атанғанын алға тартуда.

Джайсвал өзге салаларда да бірталай жетістіктерге жетіп отыр. Атап айтқанда, ол ұлттық теннис жарыстарына қатысып жүр және екі қолымен бірдей жақсы жаза алады.

Айта кетейік, 2019 жылы 14 жастағы өзге жасөспірім АҚШ-та магистр атанған еді.

Келтон Костис тоғыз жасында Небраска штатындағы Bellevue университетіне түсіп, 12 жасында веб-технологиялар мамандығы бойынша бакалавр дәрежесін алып, кейін ақпараттық менеджмент бойынша магистрлік диссертациясын қорғап шыққан болатын.

Еске салсақ, бұған дейін 6 жасар бала әлемдегі ең жас программист атанып, рекорд орнатқанын жазған едік.

Одан бөлек, кедей отбасынан шыққан сегіз жасар бала жеке кәсіп ашып, анасына жаңа үй сыйлағанын жазған болатынбыз. Жеткіншек анасының қиналып жүргеніне ендігі қарап отыра алмайтынын түсініп, гүл өсіруді бизнеске айналдырған. Анасы ұлына сеніп, бизнесті бастауы үшін оған соңғы 12 долларын берген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1887096-vunderkind-bala-14-zasynda-universitet-bitirdi-video/

pixel