Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әлеуметтік желіде байлығын көрсетіп мақтанған блогерді тонап кетті

Опубликовано:

Мей Янь Со
Мей Янь Со. Фото: facebook.com/venuselsie

Әлеуметтік желіде байлығын көрсетіп, бірнеше рет мақтанған гонконгтік блогер Мей Янь Соның пәтерін тонап кетті деп жазады The Sun.

Басылымның жазуынша, блогердің үйіне пышақ ұстаған үш ер адам кіріп, келіншек пен оның алты айлық баласын және үй қызметшісімен қосып байлап тастаған.

Мей Янь Со бағалы заттарының қайда екенін айтпағаннан кейін тонаушылар сәбидің басынан таяқпен ұрған көрінеді. Қаскөйлер келіншекке де қол жұмсаған.

Ұрылар кете салысымен Мей-Янь Со полиция шақыртқан. Тәртіп сақшылары 40-50 жастардағы тонаушыларды бейнежазбалар арқылы анықтаған. Оларды модельдің үйіне күзетші кіргізген болып шықты.

Үш ер адамның тоғыз сөмке, жеті қол сағаты, ноутбук, екі мобильді телефон және 3,6 млн доллардың бағалы заттарын алып кеткені анықталды.

Тергеу нұсқасына сәйкес, бұл кездейсоқ оқиға емес. Тонаушылар әлеуметтік желі арқылы блогердің байлығын біліп алған. Мей Янь қымбат әшекейлерін, бақуатты өмірін желіде көрсетіп отырады.

Еске сала кетсек, бұған дейін ресейлік "Синергия" университетінің ақпараттық технолоиялар институты директорының орынбасары Антон Аверин ұялы телефон арқылы қалай қосымша ақша табуға болатынын айтып берген болатын.

Сонымен қатар телефонда құпия және жеке мәлімет бар хабарламаларды, құпиясөздер мен банктерден келетін хабарларды сақтауға болмайтыны туралы жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1887354-leumettik-zelide-bajlygyn-krsetip-maktangan-blogerdi-tonap-ketti/

pixel