RU

"Оскарға лайық": Қалыңдық үйлену тойын жасау үшін күтпеген қулыққа барды

Көрнекі
Көрнекі фото: pexels.com

Ұлыбритания тұрғыны арманындағы тойды өткізу үшін ауыр дертке шалдыққанын айтқан деп жазады РИА Новости.

29 жастағы Тони Стенденнің рактың соңғы деңгейі деп жұрттан қаржы жинағаны да анықталған.

Басылым мәліметінше, ол шашын тақырлап алып тастап, бейнеүндеу де жария етіпті.

"Қатерлі ісік менің басыма, сүйектеріме, барлық жеріме жетті", - деген видеода Тони Стенден.

Бұл ақпаратты естіген достары оған 8 мың фунт стерлинг (шамамен 5 миллион теңгеге жуық) жинап берген.

Ал қалыңдық пен күйеу жігіт үйлену тойларынан кейін Түркияға бал айына аттаныпты. Біршама уақыттан соң Стенденнің өтірігі әшкере болған.

"Ол мұндай актерлік шеберлігі үшін Оскарға лайық. Бәрімізді алдап соқты", - деді құрбыларының бірі. 

Енді алаяқтық жасағанын мойнына алған Стенден түрмеге қамалуы ықтимал. Сот барлық соманы қайтаруға міндеттейді деген болжам жасалуда.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін мейрамханаға атпен кірген жас жұбайлардың әрекеті көптің қызу талқысына түскенін жазған едік.

Сонымен қатар, қалыңдығы тастап кеткен бразилиялық азамат өзіне өзі үйленіп, 28 млн теңгеге той өткізгенін хабарлаған болатынбыз.

Одан бөлек, 38 жастағы Ұлыбритания тұрғыны ағашқа тұрмысқа шығуына бір жыл толғанын салтанатты түрде атап өткен еді. Кейт Бузина ағашқа тұрмысқа шығу туралы шешімі өміріндегі ең дұрыс шешім болғанын айтқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1887438-oskarga-lajyk-kalydyk-jlenu-tojyn-zasau-sin-ktpegen-kulykka-bardy/