RU

Телефондағы көпшілік біле бермейтін PIN-кодтың пайдасы неде

Көрнекі
Көрнекі фото: pexels.com

"Джет инфожүйесі" компаниясының қауіпсіздігін практикалық талдау зертханасының сарапшысы Екатерина Рудая телефондағы көпшілік біле бермейтін PIN-кодтың пайдасы туралы айтты деп жазады Прайм агенттігі.

Сарапшы телефонды жоғалтып алған кезде алаяқтардың жеке деректерді қолдануына жол бермеу үшін смартфонға алдын ала бірқатар өзгеріс енгізу керектігін жеткізді.

"Смартфондар іске қосылған кезде иелеріне саусақ ізін пайдалануды ұсынады және жаңа қосымшаларды орнатқанда камераға, телефон нөмірлерін қолдануға рұқсат беру керек пе деп сұрайды", - деді Екатерина Рудая.

Ол хакерлердің телефоннан ақпарат алуына кедергі келтіретін қолжетімді параметрлердің ішінде телефонның SIM-картасына қойылатын PIN-кодқа ерекше назар аудару керектігін сөз етті. Сарапшы құрылғыны жоғалтқан кезде деректерді қорғау үшін оны орнатуға кеңес берді.

"Браузерді пайдаланып мобильді құрылғыда қандай құпия сөздерді сақтағаныңызға ерекше назар аударған дұрыс. Иә, бұл ыңғайлы, бірақ банктің жеке кабинетіндегі деректерді браузерде сақтамаған дұрыс", - дейді Екатерина Рудая.

Одан бөлек, сарапшы құжаттар мен төлем карталарының суретін галереяда сақтамау керектігін баса айтты.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін телефонда құпия және жеке мәлімет бар хабарламаларды, құпиясөздер мен банктерден келетін хабарларды сақтауға болмайтыны туралы жазған едік.

Сарапшы мамандар алаяқтардың жеке кабинетке кіруге арналған бір реттік сілтемені қолданатынын жеткізді. Олар әдетте смс арқылы жіберіледі.

Бұдан бөлек, құпия сөз бар хабарламаларды жою керектігі ескертілді. 

Қосымша қорғаныс ретінде телефонға қиын құпиясөз қойып, қолдың ізі немесе Face ID-мен қорғау ұсынылды.

Сонымен қатар, ресейлік "Синергия" университетінің ақпараттық технолоиялар институты директорының орынбасары Антон Аверин ұялы телефон арқылы қалай қосымша ақша табуға болатынын айтып берген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1887459-telefondagy-kpsilik-bile-bermejtin-pin-kodty-pajdasy-nede/