Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ұзақ өмір сүру үшін қанша сағат ұйықтау қажет: Мамандар өз кеңесін айтты

Опубликовано:

Фото
Көрнекі фото: pexels.com

АҚШ-тағы Тулейн университетінің ғалымдары ұзақ өмір сүру үшін күнделікті қанша сағат ұйықтау керектігін айтып берді деп жазады РИА Новости.

Олар дұрыс және уақытылы ұйықтаған адамдардың жүрек ауруларынан аулақ болатынын әрі көп өмір сүруге бейім келетінін атап өтті. Ғалымдардың сөзінше, адамға 7-8 сағаттық ұйқы ұзақ ғұмыр сыйлайды екен.

Яғни, тәулігіне 7-8 сағатын ұйқыға арнаған адамдар көбірек өмір сүреді, дейді АҚШ зерттеушілері.

Олар бұған зерттеу барысында көз жеткіздік деп отыр.

Мамандар 37-73 жастағы 408 мың адамды бақылауға алып, бірнеше жылдан кейін олардың 5221-і жүрек ауруларына шалдыққанын байқаған. Бұлардың көбісінің түнде дұрыс ұйықтамайтын және ұйқысыздықтан зардап шегетін, аз ұйықтайтын адамдар екені анықталды.

Еске салсақ, бұған дейін Австралия ғалымдары адамдардың дені не себепті түсін есінде сақтай алмайтынын анықтаған болатын.

Сонымен қатар, Бейжің ауруханасының клиникалық психология бөлімінің бас дәрігерінің орынбасары Ши Хуэй "Хуаньцю Шибао" басылымына берген сұхбатында тез ұйықтаудың қарапайым тәсілдерін айтқан еді.

Одан бөлек, Нидерланд елінің тұрғындары күйзелістен арылу үшін сиырды құшақтауды ұсынғанын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1887465-zak-mir-sru-sin-kansa-sagat-jyktau-kazet-mamandar-keesin-ajtty/

pixel